Профессор Ахмет Ташғын PhD докторанттар мен магистранттарға «Дін әлеуметтануының негізгі мәселелері» атты дәрістер курсын оқыды

V Халықаралық Фараби оқулары (2018 жыл, 3-13 сәуір аралығы) аясында әл-Фараби ат. ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасына Түркия Республикасы, Кония қаласындағы Н.Эрбакан атындағы университеті, қоғамдық ғылымдар факультеті, әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, профессор Ахмет Ташғын шақырылды. Оның ғылыми зерттеу саласы дін және мәдениет социологиясы, дін және таным мәселелері болып табылады. Қазақстанда жаңадан қалыптасып келе жатқан «Дінтану» мамандығы үшін пофессор Ахмет Ташғынның зерттеу бағыты өзекті болып саналады. Профессор Ахмет Ташғын язидиттер, алевиттер, бекташилер және сопылық тариқаттарға арналған еңбектердің авторы. Ағылшын, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген көптеген мақаланың авторы. Профессор Ахмет Ташғын PhD докторанттар мен магистранттарға «Дін әлеуметтануының негізгі мәселелері» атты дәрістер курсын оқыды. Біздің университетімізде дінтану және мәдениеттану кафедрасы дін саласында іргелі зерттеулер жүргізіп келеді. Профессор Ахмет Ташғынмен әріптестік орнату кафедраның жанынан жақында ашылған дінтанулық зерттеулер және сараптама орталығының алдағы ғылыми жұмыстарына жаңа серпіліс беріп, Қазақстандағы, сондай-ақ университетіміздегі дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қосады. 


Басылым күні :  17.04.2018