«Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада

2018 жылдың 28-ші наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Жоғары оқу орындары студенттері арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада болып өтті. Олимпиадаға барлығы алты университет, соның ішінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті, және ҚР Ұлттық Қауыпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының намысын қорғаған «Астана» командасы жеңіске жетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды Павлодар Мемлекеттік университеті мен ҚР Ұлттық Қауыпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясы өзара бөліссе, жүлделі үшінші орын Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы және Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті студенттеріне бұйырды. Олимпиада әрқайсысы әділқазылар алқасы бағалаған 10 балдық жүйемен өлшенетін 5 кезеңнен тұрды. Әділқазылар алқасының төрайымы ретінде ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің ғылыми хатшысы Ғалия Теміртонқызы келді. 

Басылым күні :  04.04.2018