Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Н. Шойкинмен және Алматы қаласы Дін істері департаментінің басшысы А.Р. Есенбековпен кездесу

2018 жылы 14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Н. Шойкинмен және Алматы қаласы Дін істері департаментінің басшысы А.Р. Есенбековпен кездесу өтті. Кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е.Жаманбалаева, философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор А.Р. Масалимова, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиеваның «Дінтанушы – ислам теологиясы бойынша сарапшы», «Дінтанушы –христиан теологиясы бойынша сарапшы», «Дінтанушы – жаңа діни ағымдар бойынша сарапшы» бағыттары бойынша дінтану мамандарын даярлауға қатысты және қазіргі әлемнің жаңа талаптарына сай түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары сапада болуына байланысты баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ, «Дінтану» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде мамандарды дайындау туралы айтылды. Кездесу барысында діннің өткір және өзекті мәселелері, сондай-ақ діни зерттеулер бойынша оқулықтар мен кітаптардың сапасын арттыру және жетілдіру мәселелері көтерілді.

Басылым күні :  02.04.2018