Конфуций институты

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТЫ

                                         

ИНСТИТУТ КОНФУЦИЯ при КазНУ им. аль-Фараби

阿里-法拉比哈萨克国立大学孔子学院 

Confucius Institute at Al-Farabi Kazakh National University

 

 

ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ:

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций институты – алғаш рет 2002 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Ланьчжоу университеті бірлесіп ашқан қытай тілі орталығы болып жұмыс істеді.

   2007 жылы 17 желтоқсанда Пекин қаласында (ҚХР) өткен дүние жүзілік Конфуций институтының директорларының форумы барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен қытай тілінің Халықаралық кеңес штабы арасында қытай тілі орталығын Конфуций институты деп қайта ашу үшін дайындалған келісімге қол қойылды.

   2009 жылы ақпанның 23 жұлдызында ресми түрде Конфуций институты болып ашылды.

   Институтта оқуға керекті жағдай жасалған, компьютерлермен жабдықталған лингафон класы, бейне-аудио жүйелері, DVD-ойнатқышы, бейне проекциялық теледидар бар. Бір спутник антенна орнатылған, олар тікелей Қытайдан хабар алуға мүмкіндік жасайды.

   Үлкен 10 мыңдық қытай тіліндегі оқу құралы мен оқулықтар, әртүрлі анықтамалық әдебиеттермен, кітаптармен жабдықталған кітапханасы бар. Мұғалімдер кеңсесі, оқу сыныптары бар.

 

 

 

 

 

ИНСТИТУТТЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:   Конфуций институтының міндеті - қытай тілін үйрете отырып, Қазақстандықтарды әр саладағы қажеттіліктеріне жеткізу; заман талабына сәйкес бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыру. Қытай тілін, әдебиетін үйренемін, мәдениетіне қызығушылық танытқандарға және Қытайға байланысты мәселелермен айналысамын деушілерге мүмкіншілік тудырып, қытай тілін білетін мамандар арқылы жоғары дәрежеде көмек көрсету; Қазақстанда қытай тілін үйретуді жоғары деңгейге көтеру.  

 

 

 

 

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

 

   Институттың оқыту жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ланьчжоу университетінің басшылығымен бекітілген тақырыптық жоспар мен оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

  • Институт қытай тілін үйренуші талапкер үшін заманауи оқыту бағдарламасын ұсынады:
  •  Жасөспірімдерге арналған қытай тілі;
  • Бастауыш, орта және жоғары дәрежелі қытай тілі (HSK талаптарына сәйкес);
  • Сауда-саттық және бизнеске арналған қытай тілі;
  • Қытай мәдениеті бойынша қытай тілі.

 

Сабақ беруші ұстаздар: Ланьчжоу университетінің профессорлары мен аға оқытушылары.

Сабақ қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде жүргізіледі.

   Тыңдаушыларға тіл үйренудің бастауыш, орта, жалғастырушы деңгейлері ұсынылады. Әр деңгейдің ұзақтығы 3-4 айға созылады. Бастауыш деңгейдегі тыңдаушылар 750-850 иероглифті, орта деңгейдегі тыңдаушылар 900-1100 жаңа иероглифті меңгереді. Жалғастырушы деңгейдің бағдарламасы бойынша 3500 иероглифке дейін үйрету көзделеді. Әр деңгей бойынша грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындалып, тест алынып отырады.

   Институтымызда үздік оқыған студент Конфуций институтының атынан әр түрлі қоғамдық мәдени іс-шаралар мен қытай тілі сайыстарына қатыса алады. Сонымен бірге Ланьчжоу университетінде тілдік курс бойынша бір жылға, бакалавр, магистратура дәрежесіне білім грантымен оқи алады. Төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.instagram.com/p/B286TepAs3t/?utm_medium=share_sheet

   Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций институты жылына екі рет қытай тілінің HSK емтиханын өткізіп отырады.

 

Бітірушілерге оқуды аяқтағаны туралы арнайы Қытайдан келген сертификат беріледі. Сабақ үш мезгілде, бес деңгейде жүргізіледі: бастауыш топ (96 сағат), орта топ (А,В,С, әрқайсысы – 72 сағат бойынша), жалғастырушы топ (72 сағат). Барлығы – 312 сағат.

 

 

 

 

 

МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР:

 

Конфуций институты әлем студенттерінің кезекті “Қытай тілі көпірі” конкурсын ұйымдастырып, өткізіп отырады.

 

 

 

 

 

Конфуций институты Қытай каллиграфиясынан, Тайчи спорттық өнерінен шеберлік класын өткізеді.

https://www.instagram.com/p/B5-q6D8l0d5/?utm_medium=share_sheet 

https://www.instagram.com/p/B4WbJTFAVFa/?utm_medium=share_sheet 

https://www.instagram.com/p/B4SPerVA5Fe/?utm_medium=share_sheet 

https://www.instagram.com/p/B286TepAs3t/?utm_medium=share_sheet 

Барлық мәліметтерді біздің инстаграм каналынан көре аласыздар.

 

 

 

 

 

 

 

Конфуций институты кезекті «Музыка - біздің ортақ тіліміз» атты Қытай ән-жыр байқауын жыл сайын ұйымдастырады.

 

 

 

 

Алматы қаласындағы ЖОО арасындағы Қытайдың кезекті «Көктем мейрамына (Қытай жаңа жылы)» арналған
мерекелік кеш ұйымдастырады.

    

  

 

ИНСТИТУТ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:

Конфуций институты мен Ланьчжоу университеті бірігіп жазғы білім беру және тәжірибе алмасу мектебін жыл сайын жазғы демалыс уақытында ұйымдастырады.

Институт тыңдаушылары арасында қытай тілінің деңгейін бақылау үшін және мәдени шаралар бойынша түрлі конкурстар мен олимпиядалар өткізіп отырады.

Қытай тілі оқытушылары үшін мамандығын жетілдіру бойынша тренинг-сабақтар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.

 

 

 

                           

 

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ:

2020 жылы әлемдік «Қытай тілі көпірі» сайысының студенттерге арналған Республикалық конкурсынан институтымыздың тыңдаушысы Онланова Жанель бірінші орынды иеленді.

https://www.instagram.com/p/CEozQOkpkCS/?utm_medium=share_sheet  

 

2021 жылы әлемдік «Қытай тілі көпірі» сайысының мектеп оқушыларына арналған Республикалық конкурсынан институтымыздың тыңдаушысы Еркінқызы Дариға бірінші орынды иеленді.

https://twitter.com/ChinaConsAlmaty/status/1443825623466745856?s=05  

 

2021 жылы әлемдік «Қытай тілі көпірі» сайысының жасөспірімдерге арналған Республикалық конкурсынан Евсеева Серафима үшінші орын иеленді.

https://twitter.com/ChinaConsAlmaty/status/1443830612725542915?s=05

 

2021 жылы бүкіл әлемдік Конфуций институттары бірлескен форумында институт директоры Асильбеков Рахымжан Өзенбекұлы үздік директор медалымен марапатталды.

 

 

        

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТЫ

Сіздерді қытай тілі курсына шақырады!

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Қарасай батыр 95, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультеті, 1-қабат, 138-кабинет.

Тел: +7 (727) 377-33-33(1718)

Сара Пермахан: +77786227889

Почта:sarakaliaskar15@gmail.com

Instagram: confucius_kaznu