Қазақстан IGIP ұлттық мониторинг комитеті

2008 жылы құрылған IGIP қазақстандық ұлттық мониторингтік комитеті (ҚҰМК) IGIP инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамның мүшесі болып табылады. IGIP бүкіл әлемнің 50-ден астам ұлттық мониторингтік комитеттерін біріктіреді. ҚҰМК IGIP басты міндеті - инженерлік-педагогикалық білім беруді халықаралық талаптармен үйлестіру. Бүгіндеі IGIP ұлттық мониторинг орталығының базасында Орталық Азиядағы жалғыз, IGIP аккредитацияланған білім беру орталығы жұмыс істейді, ол бүкіл әлем бойынша 28 IGIP орталығынан тұратын желіге кіреді. IGIP ҚҰМК өз қызметін IGIP инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамың негізіне бағытталған идеялар бойынша жүргізеді.

IGIP қазақстандық ұлттық мониторингтік комитетінің бастамасы бойынша еліміздің бірқатар техникалық жоғары оқу орындарында оқытушыларды даярлау мен біліктілігін арттырудың жаңа орталықтары – психологиялық-педагогикалық және кәсіптік даярлықтың әрбір санаты үшін ғылыми жоспарланған және әдістемелік негізделген міндеттерді шешетін инженерлік педагогика орталықтары (цио) құрылады.

ҚҰМК IGIP үйлестіретін Инженерлік педагогика орталықтары мыналармен қамтамасыз етеді:
- инженерлік жоғары оқу орындары оқытушы-профессор құрамының педагогикалық білім және педагогикалық шеберлік деңгейін тиімді дамыту;
- отандық мектептің үздік белгілері мен дәстүрлерін сақтау, жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру;
- Қазақстанның инженерлік жоғары оқу орындары оқытушыларын дайындау мазмұнының және қойылатын талаптардың әлемдік қоғамдастықта жалпыға танылған өлшемдер мен нормаларға сәйкестігі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында орналасқан инженерлік педагогика орталығы инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамда (IGIP) ресми аккредитациядан өтті. Еуропада мұндай 35 орталық бар және тағы біреуі Бразилияда орналасқан. IGIP жарғысы бес жылда бір рет инженерлік педагогика орталықтарын қайта аккредиттеуді көздейді. 2008-2017 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық мониторинг комитетінің ұсынысы бойынша Қазақстанның әр түрлі жоғары оқу орындарынан 34 техникалық мамандықтар оқытушысы "ING-PAED IGIP" тіркеліміне енгізілді және инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамның "ING-PAED IGIP инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы" атағын беру туралы дипломын алды (Сертификатталған оқытушыларды қараңыз).