Пекин шет тілдер университеті жанындағы Қазақстан орталығы

Құрылған жылы: 2016

Қызметтің негізгі ғылыми бағыттары:

Қазақ тілін екінші шет тілі ретінде үйрету; қазақ тілін үйрету бойынша бірлесе отырып оқулықтарды, сөздіктерді және басқа да оқу құралдарын құрастыру немесе Қытайдағы кезекті шығарылыммен ҚазҰУ-дың дайын оқулықтарын аударып, икемдеу.

Орталықтың серіктестері мен халықаралық әріптестік:

Өзара тиімді келісім келесі бағыттарды ескере отырып жасалуы тиіс:  қазақ тілі мен әдебиеті, филология. Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің алмасуы. Оқытушы-профессорлар құрамына арнайы біліктілікті арттыру курстарының ұйымдастырылуы. Бірлесе ұйымдастырылған курстарды өткізу үшін оқытушылармен алмасу. Ғылыми-зерттеу тәжірибесі мен тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету үшін бакалавриат, магистратура, докторантура оқу деңгейлері бойынша студенттермен  өзара алмасу. Бірлескен қос диплом беруді қарастыратын білім беру бағдарламаларын, сонымен қатар оқу жоспарларын өңдеу және жүзеге асыру.

Орталық басшысының байланыс көздері:

 Қарабаева Қаншайым Әбдітәліпқызы, тел.: 13260157299;  эл.пошта: khanshaim63@mail.ru khanshaim63@gmail.com