HP зертханасы

HP зертханасында ақпараттық технологиялар бойынша курстар оқытылады. 2016 жылы 500-ден астам студент (ҚазҰУ-дағы ОПҚ, докторанттар, магистранттар) HP курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды. Информатика кафедрасымен бірге зертханада профессор У.А. Тукеевтің басшылығымен «Қазақ тіліне арналған машиналық аударма жүйелерін зерттеу» және М.Е. Мансұровтың жетекшілігімен «Жартылай құрылымдалған деректерді өңдеуге арналған зияткерлік жоғары сапалы ақпараттық-талдамалық іздестіру жүйесін жасау» тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Орталық - жас ғалымдар, докторанттар мен шетел профессорларының белсенді  ғылыми зертханасы болып табылады.