Профессор Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлының көшбасшылық дәрісі

02.02.2023

Көрулер: 642

2023 жылдың 2 ақпан күні «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлының «Тарих ғылымының дүниетанымдық маңызы» атты тақырыпта көшбасшылық дәрісі өтті. Көшбасшылық дәріс өз деңгейінен де өте ауқымды, үлгі-өнегеге, тәлім-тәрбиеге толы жүздесу болды. Профессор Қалқаман Тұрсынұлының дәрістегі әрбір сөзі өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие, ғибрат, үлгі-өнеге болып табылады. Бүгінгі кездесу әрбір студенттің ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырып, ізденіске деген құлшынысын арттырғаны сөзсіз. Бүгінгі кездесу өте керемет, әр студенттің жүрегінен орын алған естелікке толы кездесу болды. Кездесуден «Тарих» мамандығында оқып жатқан 1 курс бакалаврлар студенттері өте керемет әсер алды.