Кастро Жан-Ноэльмен кездесу

26.01.2023

Көрулер: 559

 

2022 жылдың 26 қаңтар күні Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен қауымдастырылған профессор, Нормандиядағы Гавр университетінің бірінші вице-президенті Кастарио Жан-Ноэль тарих факультетінің әкімшілігімен, оқытушыларымен  және студенттерімен кездесті. Кездесу барысында екі университет арасындағы әріптестік байланысты нығайту, академиялық ұтқырлық, қос диплом, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсаты туралы сөз қозғалды.  Сонымен қатар магистранттарды ғылыми іс-тәжірибеден өткізу, бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытындағы қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін де талқылады. Екі елдің белді университеттері арасындағы ғылыми байланыс – білім алушылар үшін де тамаша мүмкіндік болмақ. Өз кезегінде Кастарио Жан-Ноэль бұл айтылғандардың бәріне көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді. Кездесуден соң Кастарио Жан-Ноэль негізгі зерттеу тақырыбы  ежелгі Рим тарихы бойынша студенттерге арнайы дәріс оқыды. Осы тақырып шеңберінде негізгі терминдерді, бірнеше авторлардың осы  мәселеге қатысты көзқарастарын атап көрсетті. Студенттер сұрақ қойып, өздерінің қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.