Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызының көшбасшылық дәрісі

17.01.2023

Көрулер: 619

 

2022 жылдың 17 қаңтар күні «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.д., профессор Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызының көшбасшылық дәрісі өтті. Іс-шара жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өзін-өзі дамыту дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге бағытталған. Талқыланған ««ХХ ғ. басындағы қазақ жастарының Алаш мүддесі үшін күресі» тақырыбы «Тарих» мамандығында оқып жатқан 1 курс студенттерінің үлкен қызығушылығын оятты. Кездесу соңында студенттер талқыланып отырған тақырыпқа байланысты салмақты сауалдар қойып, ойларынан шыққан жауаптарын алды.