«Қазіргі заман шындығы аясындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» атты номинация

14.12.2022

Көрулер: 872

 

2022 жылы 13 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы Абдрахим Мирас Еркінұлы «Ақжол» демократиялық партиясының ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауының Астана қаласында өткен ақтық кезеңіне қатысты. Байқаудың нәтижесінде «Қазіргі заман шындығы аясындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» атты номинация бойынша Абдрахим М.Е. жүлделі орынға ие болып, арнайы диплом мен сыйақыға ие болды.