Селим Хазбиевичтің «Польша-Литва татарлары-Алтын Орданың мұрагерлері» атты кітабының тұсаукесері

14.12.2022

Көрулер: 570

2022 жылдың 13 желтоқсан күні әл-Фараби кітапханасында «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен Польша Республикасының Қазақстандағы және Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, профессор Селим Хазбиевичтің «Польша-Литва татарлары-Алтын Орданың мұрагерлері» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған іс-шараға Тарих факультетінің оқытушы-профессор ұжымы қатысты.