Дұрыс тамақтана біл!

01.12.2022

Көрулер: 495

2022 жылдың 1 желтоқсан күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушысы, PhD, нутрициолог маман Имандосова Әсем «6B03204-Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығының 4-курс білім алушыларына «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» атты дәріс оқыды. Дәріс барысында Имандосова Әсем білім алушыларға тамақтану тәртібі, тамақтанудың негізгі ережелері, тамақтану процесінің принциптері, тамақ ішу тәртібі туралы айтып өтті.   Білім алушылар нутрициолог маманның ұсынған мәліметтерін пайдалана отырып, тамақтану тәртібінің кестесін құрды. «Білім алушылардың дұрыс тамақтануы туралы» берілген сауалнама сұрақтарына жауап берді. Сауалнама сұрақтары тамақ құрамындағы калориялар мен оның жұмсалуы, жас ерекшеліктеріне сәйкес қандай адамға қанша калория керектігін, дұрыс тамақтанудың қаншалықты ағзаға әсерін негіздеуге берілді. Білім алушылар дәріс соңында «Дұрыс тамақтану керек пе?» деген сұраққа жауап бере отырып, дұрыс тамақтану қағидаларын ұстану өте қажет және жас ағзаның қалыпты жағдайда дамуына тамақтанудың тигізетін әсері мол деген қорытындыға келді.