“Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”

01.12.2022

Көрулер: 687

 

 

Заманауи IQ Алматы студенттер мен оқушылар арасындағы зияткерлік сайысқа Тарих факультеті, Дуниежүзі  тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының 6B03205 - Кітапханалық ақпараттық жүйелер мамандығының IV курс студенті Тоғызбаева Айгүл университет және факультет атынан қатысты. “Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар” демекші, Тоғызбаева Айгул өз біліктілігін көрсетті. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Студенттерге әртүрлі интеллектуальды сұрақтар қойылып, сайыста Қазақ Ұлттық университеті, Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті  сынды алдыңғы қатарлы оқу орындары бақ сынасты. Тоғызбаева Айгүл ҚазҰУ командасымен бірге мәреге бір табан жақындап, ширек финалда өз білімімен көзге түсті.