“Абайды оқы, таңырқа” атты эдвайзерлік сағат

01.12.2022

Көрулер: 682

“Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану “ кафедрасы “Кітапханалық ақпараттық жүйелер” мамандығының 4- курс студенті Тогызбаева Айгүл  “Abai TV” арнасында ұйымдастырылған “Жыр майданы” тележобасының финалисті атанды.
Абайдың табиғат лирикасының сырларын терең ұқтыру және олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал ету мақсатында 4- курс студенттерімен  “Абайды оқы, таңырқа” атты кезекті эдвайзерлік сағат өткізілді.Осы ретте, жастар арасында Абай өлеңдерін таныту, Абайтануды насихаттау жұмыстары жүргізілді.Эдвайзерлік сағатта жастар арасында өзара пікір алмасу, Абайдың лирикалық өлеңдерін ортақ талқылау және жыр-сайысы өтті. Іс-шара эдвайзерлік сағатта топ кураторы Т.Н. Мухажанова жетекшілігімен ұйымдастырылды.