«Ұлттық деректанудың негізін қалаушы»

20.10.2022

Көрулер: 539

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінің ұйымдастыруымен 2022 жыдың 20 қазан күні «Ұлттық деректанудың негізін қалаушы» тақырыбында белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қамбарбек Атабаевты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Қамбарбек Махамбетұлы Атабаев деректанудың теориялық және әдіснамалық негіздерін терең меңгеріп, Франция, Германия, Австрия, Испания, Ресей, Украина елдеріндегі оның даму бағыттарын зерттеп, еліміздегі ұлттық деректану мектебінің негізін қалады. Оның бастамасымен «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы ашылып, тұңғыш Республикалық археография және деректану орталығы ұйымдастырылды.
Конференцияға қатысуға тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, жас ғалымдар шақырылды.
Конференция жұмысына шет мемлекеттен қонақтар, ҚР мұрағаттары, мұражайлары мен кітапханалары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факуль¬тетінің ПОҚ, танымал тарихшылар, археолог ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.