«Жастарды тәрбиелеуде Абай мұраларын ұлықтау» атты тақырыпта кездесу

09.09.2022

Көрулер: 790

2022 жылғы 9 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының эдвайзері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Т.Н. Мухажанованың ұйымдастыруымен филология ғылымдарының кандидаты, Абайтанушы және насихаттаушы - Омар Жәлелмен «Жастарды тәрбиелеуде Абай мұраларын ұлықтау» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге факультеттің оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты. Кездесудің тәрбиелік, танымдық мәні студенттер мен жас ғалымдарды Абай, Мәшһүр-Жүсіп, Шәкәрім мұраларын дәріптеу, насихаттау негізінде ғылымға, білімге құшатарлығын арттырып, рухтандырды. Кездесу барысында Омар Жәлел студенттерді қызықтырған сауалдарға жауап берді, өте тартымды, пікір алмасу болды. Кездесу соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдірді.