Көшбасшылық дәріс

06.09.2022

Көрулер: 1126

2022 жылы 06 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. Жұматай Ғабит Бекенұлы факультет мамандықтарына оқуға түскен 1 курс студенттеріне арнайы Көшбасшылық дәрісін оқыды. Дәріс барысында т.ғ.к. Жұматай Ғ.Б. білімгерлерге көшбасшылық деген ұғымның анықтамаларын келтіру арқылы, жалпы адамзат тарихындағы тарихтың алатын орны мен тарихи ойлар туралы кеңінен ақпараттар берді. Сондай-ақ дәріскер әлемдік тарихтағы ең негізгі тенденциялар мен ерекшеліктерді сипаттап, артынан студенттердің сұрақтарына жауап беріп, шара қызу талқылаумен аяқталды.