Бағдар беру апталығы аясындағы 1 курс студенттерімен кездесу

30.08.2022

Көрулер: 878

2022 жылы 29 тамыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы бағдар беру апталығы аясында факультет мамандықтарына оқуға түскен 1 курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында кафедраның меңгерушісі, доцент м.а. Жұматай Ғабит Бекенұлы білімгерлерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, кафедраның профессорлары Сұлтанғалиева Г.С., Төлеубаев Т.Ә., доценттер Қартабаева Е.Т. және Мийманбаева Ф.Н. студенттерге факультеттің мамандықтарын кеңінен сипаттап, жалпы әл-Фараби университетінің өмірімен таныстырды. Ал кафедраның меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, профессор м.а. Алпысбаева Нүрзипа Кумешбайкызы әр түрлі қосымша сұрақтарға жауап беріп, студенттер өздерін мазалаған сауалдарына жауаптар алды.