ЖАС АРХИВШІЛЕРДІҢ V ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ

17.06.2022

Көрулер: 1137

15 маусым 2022 жыл Архив ісі саласында халықаралық тәжірибелер алмасу, жаңа практикалық шешімдерді қалыптастыру, жас архивистердің біліктілігін жетілдіру мақсатында ғылыми-әдістемелік және пікір-сайыс алаң ретінде жыл сайын дәстүрлі Жас архившілердің жазғы мектебі ұйымдастырылады. Биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Президенті Архиві, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті. Жазғы мектеп жұмысына Азербайджан, Армения, Беларусь, Кытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен және Қазақстанның аймақтарынан архив мекемелерінің қызметкерлері, архивтану және құжаттану мамандығының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

16 маусым 2022 жыл Жазғы мектептің жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында жалғасты. Тыңдаушылар ҚазҰУ қалашығын аралап, ҚазҰУ мұражайы және әл-Фараби кітапханасымен танысты.

Қоғамның қажеттіліктері, қазіргі заманғы технологиялық үрдістер, құжат айналымының өрісі, архив ісін ақпараттандыру Жазғы мектеп тыңдаушыларынан ақпараттық технологиялар саласында жан-жақты білімді игеруді талап етеді. Сондықтан, жазғы мектеп жұмысы барысында шетелдік спикерлер: Корея Ұлттық архивінің аға архивист МУН Хен Сук, Қытай Халық университетінің ақпараттық ресурстарды басқару мектебінің деканы ЛЮ ЮэНань, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің архивтану және құжаттану факультетінің деканы Ф.Г. Тараторкин, Беларусь архив ісі және құжаттану ғылыми-зерттеу институтының директоры А.Е. Рыбаков және отандық "Фактор" жүйелік зерттеулер компаниясы " ЖШС Бас директоры М.Б. Габбасов архив материалдарын цифрландыру, архивист және құжаттанушыларды кәсіби даярлаудағы цифрлық трансформация мәселесі, электронды құжатайналымы, электрондық құжаттарды жасау мен сақтауды нормативтік-құқықтық реттеу, цифрландыру трендтері және олардың архивтік қызметке әсері сынды мәселелерді өз баяндамаларында көтерді.

Тыңдаушылар осы проблемалар аясында спикерлерге сұрақ қойып, пікірлермен алмасты.