"ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені" атты онлайн кездесу

24.05.2022

Көрулер: 1026

 

2022 ж. 24 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Мұқажанова Толқын Нұрасылқызы Ақмола облысы мен Алматы облыстары мектептерінің 9-10 сынып оқушыларымен «ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені» атты онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушыларға университет туралы мәлімет таратылып, видеобейне, слайд көрсетіліп, мамандықтар таныстырылды. Оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, белсенді қатысып отырды.