Кәсіби бағдар беру ісі бойынша онлайн кездесу

24.05.2022

Көрулер: 1065

2022 ж. 24 мамырда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің 11-сынып бітіруші түлектерімен және ауданнның басқа да мектептерінің оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих факультетінің т.ғ.к. қауымдастырылған профессоры Беделова Гульжан Сейдуалиқызымен онлайн кездесу өтті. Кездесуге 30 астам мектеп оқушылары мен ауданның басқа да мектеп бітірушілері қатысты.

Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жəне Орталық Азия мемлекеттерінің ішіндегі ең үздік оқу орны болып табылатындығы, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Болон үрдісіне енуі аталмыш білім ордасын тамамдаған студенттерге Болон Хартиясына мүше елдің кез-келгенінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретіндігі айтылды. Егер, бітірушілер ҚазҰУ-да білім алатын болса, кəсіби дағдыларға ие болып, мəнсаптардың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндіктер бар екендігі түсіндірілді. Оқушылардың ЖОО-на түсуге байланысты, факультеттің оқу бағдарламаларына байланысты сұрақтарына толыққанды жауаптер берілді.