ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған кездесу!

26.11.2020

Көрулер: 1321

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, археология және этнология факультетінің студенттерімен онлайн форматында  Елбасының курстасы,қоғам қайраткері,жазушы- Тельман Спаев атамызбен "Жастық шақтың ізімен" атты кездесу өтті. 
Тельман атамыз,студенттерге ыстық лебізін білдіре отырып,елін сүйген елбасымен өткен жарқын шақтарын еске алды. Бұл ретте студенттер де көкейде жүрген көп сұрағын Елбасының курстас жолдасына қойып,әдемі сұхбат жүргізді.  Кездесудің үлкен тәрбиелік мәні болды. Елбасының еңбек және өмір жолымен  танысқан студенттер рухани азық алып, үлкен әсерге бөленді.