Ғұмыры ғибратқа толы ғалым!

19.10.2020

Көрулер: 917

2020 жылдың қараша айында ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың 1955 жылғы түлегі Смағұлов Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына орай, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатын жолдады!

Хат мазмұнына сәйкес Оразақ Смағұлұлының ғылым саласындағы асқан жетістіктерін бағалап, елдік мақсаттағы игі бастамалардың басында болған өнегелі өмір иесіне өшпейтін жылдардың жемісін тіледі. 

Осы негізде, Қадірлі Оразақ Смағұлұлы! Сізді, Тарих, археология және этнология факультеті және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты атынан , бүгінгі торқалы тойыңызбен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасы бақытының шексіздігін тілейміз! Халқымыздың игілігі үшін жаңа табыстар мен жеңістерге жете беріңіз!