"Жас мұрағатшы" клубының отырысы

04.12.2018

Көрулер: 1794

4 желтоқсан 2018 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру және «Архив -2025» бағдарламасы бойынша ОМА-ніңіс-шаралары аясында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Отанына оралған құнды құжаттарды өңдеу, ғылыми айналымға енгізу және «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында архивтік көшірмелерді ҚР ОМА-не сақтауға өткізу жайында баяндамалар оқылды. Дөңгелек үстелге «Жас архивист» клубының мүшелері және дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұстаздары қатысты.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы.  
Мухатова О. Х.