«Жас архивист» клубның кезекті отырысы

08.12.2018

Көрулер: 1615

2018 жылы 8 желтоқсанда сағат 13-00де 403-ауд. «Жас архивист» клубның кезекті отырысы өткізілді. Отырыста «Фараби оқулары – 2019» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындық жағдайы қаралды. Клуб мүшелерінің ғылыми зерттеулерінің барысы талданды. Жас зерттеушілерге жетекші тарапынан кеңес берілді. Ғылыми зерттеулерді аяқтау мерзімі 2019 жылдың наурыз айының ортасы болып белгіленді. Отырыста Мадина Спанова және Бекжан Орынбасаров «Архив -2025» және отандық архив ісінің дамуы» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Баяндама бойынша қызупікір-талас орын алды. Отырыс шешімдер қабылдап, 2019 жылдың қаңтар айының соңында өткізілетін отырыстың күн тәртібі белгіленді.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы.  

Мухатова О. Х.