Ұлт үшін еміреніп,жұрт үшін тебіренген – Міржақып

12.10.2018

Көрулер: 2223

Бұл шара Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Ф. А Қозыбақова, А.А.Жарасов жетекшілігімен, ғылыми конференция түрінде ұйымдастырылды. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді,-дейді Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін күреске толы қызметімен де, шығармашылық мұрасымен де біздің жадымызда ерекше сақталған дара тұлғамыз – М. Дулатұлы жайлы көптеген мәліметтер жинақтап, халқы үшін жасаған ерліктерімен одан әрмен таныстырылды.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Қозыбақова Ф.К., Жарасов А.А.