З.С. Самашевтің көсбасшылық дәрісі

2-қыр-17

Көрулер: 4117

Ректораттың конференц-залында Тарих археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен белгілі археолог, профессор З.С. Самашевтың көсбасшылық дәрісі өтті.

Зейнолла Самашұлы Самашев – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол – көптеген ғылыми археологиялық экспедициялардың жетекшісі, Қазақстанның көне тарихы бойынша ғылыми эксперт, «Қазақ тарихы» журналының редколегия мүшесі, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бақылаушысы, Қазақстанның петроглифтері бойынша белгілі маман. Орталық Азияның археологиясы, тарихы және әдениетінің өзекті мәселелеріне арналған 200-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген.

Дәріс барысында Зейнолла Самашұлы Берел қорымындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелерімен таныстырып, археологиялық мәлелелерге байланысты өз ойларымен бөлісті. Биылғы жылы 11 қарашада 70 жастың биігіне шыққалы отырған ғалымды факультет деканы келе жатқан мерейтойымен құттықтап, тағылымды дәрісі үшін алғыс білдірді.

Археология, этнология және музеология кафедрасы