МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!

04.05.2018

Көрулер: 3439

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» атты V республикалық патриоттық студенттік форум өткізілді. Бұл жылда бірнеше бағыттар бойынша студенттердің арасында өткізілетінфорум және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. 

Биыл «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» форумына Биология және биотехнология факультетінің биотехнология мамандығының 1 курс студенттері Заманова Зере мен Ерболекова Айгүл инновациялық әлеуметтік маңызы бар жобалар"Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім" атты байқауына қатысты. Өздерінің жобасын Р.Ж.Бержанованың басшылығымен орындады. Байқау нәтижелері бойынша Заманова Зере мен Ерболекова Айгүл маңызы бар жоба номинациясына ие болды, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен және дипломдарменмарапатталды (Сыдықбекова Р.К., Бержанова Р.Ж., Мұқашева Т.Д., Бектілеуова Н.К, Өмірбекова А.).