Алматы қаласы ЖОО "TEDx" жобасына ұстаздар қатысты

14.05.2018

Көрулер: 3906

2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология жəне биотехнология факультеті, "Сұңқар" СмМ кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен Алматы қаласы ЖОО "TEDx" жобасы өтті. Жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының "Al-Farabi 4.0" жобасы негізінде биология ғылымының салаларын қамтыды. "TED talks" жобасының мақсат-міндеттері: студенттердің ғылыми қызығушылығын арттыру, ғылыми жұмыстарының деңгейін көтеру; студенттердің бойындағы ғылыми-зерттеу, əріптестік қатынастар, ораторлық өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру; оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыруда студент пен оқытушының жұмысын көтеру; университеттердің үздік ғылыми кеңестігін құру жəне жаңғырту болып табылды. Жобаның қорытындысында "TEDx" қатысушыларына ұйымдастырушыларға сый марапаттар берілді. Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К.