Жаңалықтар

Магистранттар педагогикалық практикадан өтуде

2-сәу-21

Мен Аскерова Айнұр, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биотехнология мамандығының 1 курс магистрантымын.

Магистранттардың ғылыми-педагогикалық практика аясында ғылыми жетекшім б.ғ.к, доцент Нармуратова М.Х.-мен дәріс және семинарлық сабақтардың тақырыбы келісіліп, оларды терең зерттеу үшін өзекті мәселелер тізімі құрастырылды, сабақ өткізу мерзімдері бекітілді.

Қазіргі таңда  «Биохимия» пәнінен- Дене шынықтыру және спорт мамандығы 19-01К және 19-02К топтарына қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша «Zoom» платформасында дәріс және семинарлық сабақтар өткізілді. Дәріс беру барысында, студенттермен кері байланыс орнатылды, өйткені дәрістен кейін көптеген жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, танымдық дисскуссия кезінде жауап қайтарылды. Оқылған материалдан кейін, студенттерге семинар сабағына тапсырма беріліп, қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Дәріс және семинарлық сабақтар өткізілгеннен кейін ғылыми жетекшіммен кездесу болды. Кездесу барысында сабақ өткізу нәтижесі талқыланып, қателермен жұмыс және сабақ өткізу ұсыныстары айтылды.

Ары қарай оқу >>

Магистранттарға арналған «Кәсіби дамуға бағытталған дағдыларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция

1-сәу-21

Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің шетел тілдері кафедрасы Zoom платформасында магистранттарға арналған «Кәсіби дамуға бағытталған дағдыларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны онлайн режимінде өткізді. Алыс және жақын шетелдерден жиналған 70-тен астам жас зерттеушінің конференциясы ­- идеялар мен ғылыми әзірлемелермен алмасу алаңына айналды. Бұл шараның  ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін ағылшын тілінде баяндап ұсынды.

https://egemen.kz/article/270273-almatyda-magistranttardynh-khalyqaralyq-konferentsiyasy-otti
©
egemen.kz 

Ары қарай оқу >>

“6B05102 Биология” мамандығының студенттерімен кездесу

31-нау-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, биология және биотехнология факультетінің деканы және декан орынбасарлары, аға куратор-эдвайзердің қатысуымен “6B05102 Биология” мамандығының студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу студенттердің концерттік бағдарламасымен басталып, факультетіміздің деканы – Заядан Болатхан Қазыханұлының құттықтау сөзімен жалғасты. Концерттік бағдарлама барысында қазақ және шет ел студенттері шынайы құттықтау тілектерін білдіріп, күй тартып, өлең оқып өз өнерлерін көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Өндіріске микробиологиялық кеңес берілді

31-нау-21

«Arba wine» шарап зауытының мамандары үшін Қайырманова Г.К. («Экология мәселелері» ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері) «Спонтанды ашытуының микробиологиясы» атты кеңес-семинары өткізілді, 29.09.2020 ж.


Ары қарай оқу >>

«Оқытушының цифрлық шеберханасы» жобасының шеберлік сыныбы"!

30-нау-21

«Оқытушының цифрлық шеберханасы» жобасының шеберлік сыныбы!

 

*Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер!*



 Университет оқытушылары арасында тәжірибе алмасу арқылы қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім сапасын арттыру мақсатында Жаңа білім беру технологиялары институты *“Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысының цифрлық шеберханасы”* онлайн мастер-класстар циклін өткізеді.

♦️Шеберханада біз студенттерді оқытуда цифрлық технологиялар мен құралдарды пайдалану бойынша үздік педагогикалық тәжірибелермен бөлісе отырып, бір-бірімізден білім аламыз. Біз өз мәселелерімізді бірлесіп талқылап, мүмкіндігінше шешеміз 
.

III Мастер-класс *Miro/ Mindmeister интерактивтік тақтамен жұмыс жасау Canva-мен интерактивтік презентация дайындау*.
🔉02 сәуір сағат 16.30 (Zoom)
https://us02web.zoom.us/j/88037705579?pwd=UkhPS1RFM1VzS2VaZ1FBNmtoMFJTdz09 
Конференция идентификаторы: 880 3770 5579
Кіру коды: 628616

Жазба және тікелей эфир
https://youtu.be/RiWUY7UTAGo

Құрметпен, Жаңа білім беру технологиялары институтының командасы.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми семинар отырысы өтті

29-нау-21

Биотехнология кафедрасының кеңейтілген отырысында (ғылыми семинарда) докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы туралы есептер тыңдалды және талқыланды. 27.03.2021

Күн тәртібі: 1, 2, 3 курс докторанттарының және 2 курс магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау туралы есептері

Тыңдалды:

1. 1-3 курс докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру бойынша

2. 2 курс магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру бойынша есептері.

 

  1. Нургазина Алина
  2. Ізмұқан Азамат
  3. Қанаят Шаттықгүл
  4. Рысбекұлы Қастер
  5. Каналбек Гүлзат
  6. Токен Азиза
  7. Какимова Ардак
  8. Бейсенбай Ақерке
  9. Мұстапаева Жұлдыз

10.  Малик Ажар

11.  Евлоева Хава

12.  Есентаева Құралай

13.  Қарабаева Іңкүр

14.  Талипова Айжан

 

  1. Қуанышбай Әсем Аманжолқызы
  2. Медеубекова Балжан Мырзаханқызы
  3. Миятжанова Қуаныш Даулетқызы
  4. Набиева Амина Махамбетқызы
  5. Рахымжанова Балжан Ерланқызы
  6. Сабитова Сабина Галымовна
  7. Сарсембаева Сабина Амирлановна
  8. Сатаева Камила Нурланқызы
  9. Сисемәлі Қуаныш Райымбекұлы

10.  Танаубай Ұлжан Жармахамбетқызы

11.  Тоқтырова Дария Сұлтанқызы

12.  Торегелдиева Айдана Ерназаровна

13.  Шырынова Балжан Әмірбекқызы

14.  Конырбаева Динара Болатбеккызы

15.  Өндіріс Бағжан Ғаппаралыұлы

16.  Рамазанова Жанел Алтайкызы

17.  Тұрғанбай Сымбат Жұмағалиқызы

18.  Вефак Сторай

 

Баяндама жасаған: кафедра докторанттары мен магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысының орындалуы туралы өз есептерін баяндады. Диссертациялар тақырыбы бойынша зерттеулердің нәтижелері, ғылыми журналдарда нәтижелерін жариялау, сонымен қатар докторанттардың ғылыми тағылымдамаларының нәтижелері мен жоспарлары ұсынылды.

 

Шешім: биотехнология кафедрасының кеңейтілген отырысында (ғылыми семинарда) докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы туралы есептер тыңдалды және талқыланды. Есепті кезеңдегі докторанттар мен магистранттардың аяқталған жұмысының нәтижелері есепке алынды.

 

Семинар төрайымы: б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С., хатшы, б.ғ.к. Абдиева Г.Ж.

Ары қарай оқу >>

Оқыту тренингіне табысты қатысқаны үшін Сертификат

29-нау-21

Биотехнология кафедрасының профессоры Атабаева С.Д. Бельгиялық Білім беру Кеңесімен (Бельгия, Брюссель) ұйымдастырылған, профессорларға арналған Халықаралық қарқынды оқыту тренингіне "Қашықтықтан және аралас оқытудың сапасын арттыру" (72 сағат) табысты қатысқаны үшін Сертификат алды.

Сертификат_от_23_марта_2242182.pdf

Ары қарай оқу >>

«Қош келдің, әз-Наурыз»

27-нау-21

20.03.2021 жылы сағ 17-00 де ZOOM платформасында онлайн режимінде Биотехнология мамандығының 4 курс студенттері мен куратор-эдвайзері А.Ж. Жүнісжанмен мерекелік «Қош келдің, әз-Наурыз» атты кураторлық сабағы өтті.

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз! Биотехнология кафедрасының ұжымы биология ғылымдарының кандидатын, доцент Бержанова Рамза Жаинабековнаны "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2020" атағымен құттықтайды

25-нау-21

ҚР Білім және ғылым министрлігінде «ЖОО Үздік Оқытушысы – 2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті. Конкурсқа Республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты, соның ішінде біздің университеттен қатысқан үміткерлер болды. Біздің Университеттен 18 оқытушы "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020" атағына ие болды. Конкурс жеңімпаздарына біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.

Бержанова Рамза Жаинабековна-биология ғылымдарының кандидаты (2006), қауымдастырылған профессор (2021). Р.Ж. Бержанова 45 - тен аса ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде 7 патент, 35 мақала, Web on Science идекстелетін жүйесінде 6 импакт факторы жоғары мақалалары жарияланды «Applied Microbiology and Biotechnology» (импакт фактор 3,8, Q1), «International Journal Phytoremediation» (импакт фактор 2,568, Q2) Жарияланған мақалалар Web on Science идекстелетін жүйесінде Q1 - Q2 квартильге кіреді. Хирша индексі - 4. Р. Ж. Бержанованың ғылыми-педагогикалық өтілі 18 жылдан астам.

Рамза Жаинабековна - Германияның Эрнст-Моритц – Арндт университетінің, микробиология институтының докторы Аннет Миколошпен, сондай-ақ РҒА, Саратов қ. Өсімдіктер мен микроорганизмдер биохимиясы және физиологиясы институтының, биология ғылымдарының докторы, профессор Муратова Анна Юрьевнамен бірлесіп жұмыс атқаруда. Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналда бірлескен мақалалары дайындалған.

Биотехнология кафедрасының ұжымы 2020 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" грантының иегері Бержанова Рамза Жаинабековнаны ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбие жұмысындағы жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар, жаңа жетістіктер және одан әрі өркендеуді тілейді!

Ары қарай оқу >>

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейбітшілікті қолдаймыз" тақырыбында ашық сабақ

18-нау-21

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейбітшілікті қолдаймыз" тақырыбында НИШ 1-курс студенттеріне слайд көрсетіліп, соңында студенттер осы тақырып бойынша өз ойларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендіктерін білдірін пікірлерін айтты.

11.03.2021,  сағат 13:00.

Эвайзер: Доқтырбай Г.

Ары қарай оқу >>