ДӘСТҮРЛІ "БАРМАНҚҰЛОВ ОҚУЛАРЫ" 09.03.2021

09.03.2021

Көрулер: 1775

Журналистика факультетінде Қазақстандағы телерадио журналистиканың негізін салушы, ұлттық телерадио хабарларын таратуға өлшеусіз үлес қосқан, қазақстандық журналисттердің көптеген буынын тәрбиелеген ғалым, профессор Марат Барманқұловты еске алуға арналған «ХХІ ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Конференцияға журналистика және бұқаралық коммуникация саласының зерттеушілері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы, М.Барманқұловтың әріптестері мен жақындары, достары және докторант-магистранттар мен студенттер қауымы қатысты.    

Ғалым Марат Барманқұлов 1937 жылы 13 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. 1954 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, 1959 жылы оқуын аяқтаған соң еңбек жолын Алма-Ата телестудиясында алдымен корреспондент, кейін редактор, комментатор болып қызмет етеді. 1961 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің аспирантурасына түседі. 1980 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде филология ғылымдарының докторы атағын алып, докторлық диссертациясын қорғайды. Бұл журналистика саласы бойынша Мәскеу мемлекеттік университетінде қорғалған алғашқы докторлық диссертация болады.

М.К.Барманқұлов журналистика, теледидар, мәдениеттану және түркітануға арналған 20-дан астам монографияның авторы. Профессор М.К.Барманқұловтың шығармашылық және ғылыми қызығушылықтары ауқымды және көпқырлы. 1990 жылдары Марат Кәрібайұлы өзінің ғылыми қызығушылығын Мәскеу, Стамбул, Сеул кітапханаларында жұмыс істейтін түркі тарихын зерттеуге бағыттады. Оның қаламынан архивтер, көне қолжазбалар мен шежірелер сөйлей бастады.

Ол республикада журналист кадрларын даярлауға үлкен үлес қосқан ғалым. Оның шәкірттері қазіргі профессор, доценттер: С.Ахметова, Г.Ж.Ибраева, С.Х.Барлыбаева, Ш.И.Нургожина, К.Кабылгазина және басқалар. Осы аталған ғалымның шәкірттері ғалым жайлы былай еске алады: «1989 жылы ол кафедраның жас қызметкерлерін Мәскеуде, Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен халықаралық конференцияға қалай алып барғаны есімізде. М.В. Ломоносов және барлығымызды мәскеулік әріптестерімізбен мақтанышпен таныстырды. Онда біз Мәскеу мемлекеттік университетінің жетекші профессорларымен, көптеген аудиовизуалды журналистика бойынша кітаптар мен оқулықтардың авторлары және Кеңес Одағы телерадиожурналистикасының негізін қалаушылармен кездестік»,- дейді.

Жыл сайын ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде дәстүрлі «Барманқұлов оқулары» өтіп, елінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның еңбектері бүгінде өскелең ұрпаққа өшпес мұра болып қала береді.

 

www.kaznu.kz