Жаңалықтар

«Spartan Newsroom» тілшісінің бір күні

07.03.2020

АҚШ-тағы Мичиган штаты университеті журналистика мектебінің магистранты, студенттік "Spartan Newsroom" ақпараттық порталы тілшісі, informburo.kz зерттеуші тілшісі Жолдас Өрісбай Сакенұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінің студенттеріне онлайн режимде шеберлік сағаттарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Дәулетбек Байтұрсынның шеберлік сағаты

06.03.2020

әл- Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Халықаралық журналистика» апталығы аясында  белгілі қаламгер, ақын- жазушы,  жазушылар одағының, журналистер одағының мүшесі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған жыр мүшайраларының жүлдегері, Түркияның Елазық қаласында өткен түркі мемлекеттерінің халықараалық «Һазар чиір акшамлары» фестивалінің дипломаты. Қырғыз Республикасының «Молда Бағыш» атындағы әдеби сыйлығының лауреаты, «Жас толқын» «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» т.б. жыр жинақтарының авторы - Дәулетбек Байтурсынұлының шеберлік сағаты өтті. 

Ары қарай оқу >>

Халықаралық журналистика апталығы

05.03.2020

ҚазҰУ-да халықаралық балалар теледидары мен радио хабарларын тарату күніне арналған «Халықаралық журналистика апталығы» өтуде. үкіл әлем 1 наурыздан бастап телеарналар балалар контенті бойынша хабар тарату торын қайта құруда және кішкентай көрермендер мен жастарға арнайы бағдарламалар арнауда. Қоғам назарын балалар мен жастардың құқықтарын қорғауға, жасөспірім аудиториясының білімі мен құзыреттілігін арттыруға арналып отыр. Осы ретте қоғамдық құндылықтар мен басымдықтарға қызмет етуді үйренуде БАҚ-тың тизізер көмегі көп.

Ары қарай оқу >>

Журналистер үшін виртуалды шындық: миф немесе ақиқатпа?

05.03.2020

2 наурыз 2020 ж халықаралық журналистика күні аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика факультетінде IWPR Cabar.asia. қолдауымен "цифрлық Иммерсивті журналистика және медиасауаттылық" атты тренинг өтті. 

Ары қарай оқу >>

Бесінші жатақханадан он бесіншіге саяхат

29.02.2020

Жас жазушы. Журналист. Республикалық "Хабар", "Қазақстан", "Алматы" телеарналарында, "Айқын" газетінде, Informburo.kz порталында жұмыс істеген. Бірқатар көркем әңгімелердің авторы АбайАймағамбетпен кездесу кеші өтті. "Бесінші жатақханадан он бесіншіге саяхат" кездесу кешінің қонағы «Бесінші жатақхана» кітабының авторы.

Ары қарай оқу >>

Оқушыларға арналған журналистика курсы

28.02.2020

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы оқушыларға арналған үшкүндік журналистика курсын өткізді. Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық  мектеп-интернат оқушыларына Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырған курс бірнеше саланы қамтыды. 

Ары қарай оқу >>

"Ұстаздар ұлағаты -қайырымдылық"

24.02.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ұжымының ұйымдастыруымен "Ұстаздар ұлағаты -қайырымдылық"  деп аталатын қайырымдылық шарасы өтті. Факультет түлегі, ұлағатты ұстаз, ғалым, жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына тоқсан жыл толуына орай шәкірті, белгілі қаламгер-баспагер Ырым Кенебаев өз баспасынан шығарған Әбілфайыз Ыдырысовтың кітаптарын 66 бөлмеде тұратын студенттерге тегін таратты.

Ары қарай оқу >>