Жаңалықтар

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы Париждегі ЮНЕСКО штабы бекіткен жаңа логотипке ие болды.

23.05.2020

Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасына ресми логотип жолдады.

Ары қарай оқу >>

ЛӘЙЛӘ АХМЕТОВАНЫҢ «ПАНФИЛОВШЫЛАР: БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ, ДАҢҚЫМЫЗ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

03.05.2020

5 мамыр / сейсенбі / Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Еуразиялық теледидар және радио академиясымен бірлесе отырып, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындығы ҚазҰУ профессоры Ләйлә Ахметованың «Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, даңқымыз»кітабының халықаралық тұсаукесерін өткізеді.  


Конференция онлайн режимінде өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 15: 00-де, Мәскеу уақытымен 12: 00-де.

Ары қарай оқу >>

Коронавирус: қазақстандық брендтер қалай қабылдауда және қандай әрекеттер жасауда.

25.04.2020

Бүгін, ЮНЕСКО халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының аға оқытушысы, Kcell бизнес-жаттықтырушысы Салтанат Бердіқұлова тәжірибелі PR мамандарымен онлайн-дәріс өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы»

16.04.2020

2020 жылдың екінші жартысында Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының жанындағы «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» ғылыми жинағының 19 саны жарыққа шығады.

Ары қарай оқу >>

Ұстаз еңбегі жарық көрді

15.04.2020

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры Қабылғазина Клараның «әл Фараби» баспасынан «Тіршілік» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Ол өткен жылы Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Open Euroasian literature festival» деп аталатын ашық фестивальда «шағын проза» номинациясы бойынша 2-орын алып, халықаралық деңгейде еңбегі еленген болатын. 

Ары қарай оқу >>

Жас ғалымдар сайысы

14.04.2020

Тұрақты даму – Қазақстан үшін негізгі міндет. Тұрақты даму деген экономикалық даму, əлеуметтік даму жəне қоршаған ортаны қорғау сияқты салалардан тұрады. Бұлай дамуға бет алу нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейі еселеп өсуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұлт философиясы ғасырлар бойы актуальдылығын жойған емес. Ол үшін саналы, адами қасиеттері толысқан ұрпақ тәрбиеленуі қажет. Ал, мұндай келелі міндеттерді орындау үшін ұлт тәрбиешілері- ұстаздар еңбегі ерен болуы тиіс. Осы орайда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Фараби оқулары аясында өтетін конференцияның маңыздылығын атап өтуге болады.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ радиолары» ЮНЕСКО хабарламаларына үн қосады

14.04.2020

Коронавирус індеті жаһандық пандемияға айналды. Қазақстан да осы апаттың зардаптарын бастан кешуде. Қазіргі жағдайда әрбір қазақстандық мемлекеттің  індетпен күресу, алдын алу іс-әрекеттерін қолдауы қажет.  

Ары қарай оқу >>

Zoom платформасында «Көптілділік қазіргі білім беру басымдықтарының бірі: жағдайы, болашағы» атты халықаралық ғылыми онлайн семинар өтті.

09.04.2020

09.04.2020 сағат 17.00-де Zoom пплатформасында «Көптілділік қазіргі білім беру басымдықтарының бірі: жағдайы, болашағы» атты халықаралық ғылыми онлайн семинар өтті. 

Ары қарай оқу >>

Шеберлік сағаты

11.03.2020

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Абай Құнанбайұлының шығармаларын шет тілдеріне сапалы аударма жасап, жариялау мақсатында және халықаралық деңгейде насихаттауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау керектігін бұйырған еді. Осыған байланысты, «ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа» кафедрасы 2020 ж. 23 қаңтарында 230-шы кабинетте «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» тақырыбында мастер-класс форматындағы семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>