Ерлер елін мылтықсыз-ақ қорғасын...

06.05.2016

Көрулер: 2627

Ерлер елін мылтықсыз-ақ қорғасын...

Ұлы Жеңістің дәмі қаншалықты тәтті болса, соғыс қасіретінің зардабы соншалықты ащы. Соғыс атты алапат дауылдың жолдағысын жалмап, ешкімді аямайтыны хақ. Бес жылдың ішінде миллиардтаған адамның көз жасы, миллиондаған адамның қыршын кеткен өмірі, хабар-ошарсыз кеткендері қаншама.

Міне, Ұлы Жеңістің құны. Дегенмен, бұл елім деп еміренген ерлердің Отан үшін от кешкен жан пидалығы. Азаматтық арына дақ түсірмеген рухты алыптардың жауға тойтарыс беріп, солардың күресінің нәтижесінде қол жеткен жемісті, жеңісті күннің алауы тарих беттерінен мәңгілік орын алды. Оны біз еш уақытта ұмытпаймыз.

Қарсы келген жауға нарқасқадай қасқайып қарсы тұрған батыр елдің ұрпағы осы айтулы мереке қарсаңында қазақ білімінің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ақсақалдар кеңесі мен тыл ардагерлерінің басын қосты. Сұрапыл соғыс жылдарын өз көзімен көрген қарттар қатары сирегенмен, олардың арамызда қалғаны жастармен кездесіп, әрдайым бейбіт күннің жолында құрбан болғандардың ерлігін дәріптеп жүреді.

Мерекелік жиынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы ашып берді. «Осындай кең-байтақ жерімізде бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз, сіздердің арқаларыңызда. Артымыздан өсіп келе жатқан жас ұрпақ, бұл ерліктеріңізді әрқашан да бағалап өтеді. Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Барлықтарыңызға шын жүректен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!», - деп ректор мырза өзінің құттықтау сөзін білдірді. ҰОС ардагерлері, Еңбек ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, Ардагерлер кеңесінің қатысуымен өткізілген іс-шараны «Парасат» кәсіподағының төрағасы Мекебаев Талғат Құмарғалиұлы жүргізді. Басқосуда өзінің керемет ізгі-ниетімен ерекшеленген, тарихшы, ғұлама ғалым Шәлекенов Уәхит Хамзинұлы. Өз сөзінде тарихшы: «Біздер ҰОС ардагерлері мен Еңбек ардагерлеі бірталай еңбек істедік. Осы еңбектеріміздің жетістіктерін көріп, солардың арқасында, осындай дәрежеде өмір сүріп келеміз. “Жасыңда еңбек етсең, қартайғанда рахатын көресің” демекші, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтарды қазірден бастап дайындау, олардың патриоттық сезімдерін күшейту, ұстаз ретінде біздің басты міндетіміз. Осындай іс-шараны ұйымдастырып отырған университет басшыларына алғысыды білдіремін», - деп атап өтті. Мереклік жиында жиналған қауымды, ҚазҰУ-дың өнерлі өрендері, атап айтар болсақ: «Бақыт би-ансамблі», «Фараби саз-оркестрі» керемет мерекелік концертпен қуантты.