Талапкерлерге PR бағытын түсіндіру

10.04.2023

Көрулер: 647

2023 жылдың 14- ақпанында Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның халықаралық журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен профессианалдық бағыт бағдар беру мақсатында абитуриенттерге ақпарат беру жиналысы өтті. Жиналыста 10 және 11- сынып оқушыларына кафедра меңгерушісі Шыңғысова Назгүл апай PR мамандығы туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ басқосуда кафедра оқытушылары тарапынан абитуриенттердің сұрақтарына жауап берілді. 11- сынып оқушысы Мырзаханова Ботаның: “PR мамандығы нарықта қаншалықты сұранысқа ие?” деген сауалына, кафедра оқытушысы Баян Асқарқызы: “қазіргі таңда PR маманы жоғарғы сұранысқа ие, себебі өзінің иммиджін жұртшылыққа жағымды қылып көрсетуге жеке тұлға да, қандай да бір мемлекеттік мекеме де, компания да, шоу-бизнес өкілдері де мүдделі. Бұл дегеніміз жоғары білікті PR маманы кез-келген жерден жұмыс таба алады деген сөз”-деп жауап берді. Жалпы жиналыс барлық талаптарға сай өтті және өзінің мақсатын толығымен орындай алды.