ҚАЗАҚСТАН-МАЖАРСТАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

09.03.2023

Көрулер: 774

Мажарстанда Дебрецен Университетінің тарих және этнография докторлық мектебі, этнография кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Мажарстан мәдени нарративтері, әлеуметтік және экономикалық әртүрлілік» атты ғылыми конференция өтті.

Конференцияда Дебрецен университетінің оқу жөніндегі проректоры профессор Барта Элек соңғы жылдары қазақстандық университеттер және ғылыми мекемелермен ынтымақтастық туралы он шақты екіжақты келісім жасалғанын, сондай-ақ қазіргі уақытта Дебрецен университетінде 141 қазақстандық студент білім алып жатқанын атап өтті.

Конференцияға Мажарстан (Дебрецен университеті, Этвеш Лоранд университеті, ELTE, Сегед университеті) және қазақстандық жоғары оқу орындарының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, AITU, Аманжолов атындағы ШҚУ, НУ, Өтемісов атындағы БҚУ) оқытушылары, Қазақстанның Венгриядағы ғылыми елшісі Назира Әбдінасыр  http://dosz.hu/  бұл іс-шара екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту, халықаралық жобаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап айтты. Мажар тарапы Қазақстанның ғылыми өмірімен танысуға мүмкіндік алды. Осы жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінен қатысқан PhD доктор, Әлімжанова Айкерім Болатқызының пікірін тыңдаған едік:“Мажар халқы бізді жылы қарсы алды. Конференцияда қазақ-мажар елдерінің мәдени, этносаралық қарым-қатынастары жайлы қызықты баяндамалар тыңдадық. Ғылыми көзқарастар мен құнды пікірлер жас ғалымдардың қосылып келе жатқанын көрсетті. Венгрияда талантты студенттер көп. Бұйырса  барлығы елге қайтса, ғылым, білім саласында оң өзгерістер орын алары сөзсіз. Өзіміз әр елден келген ғалымдармен танысып, ынтымақтастық байланыстарды молайтып келдік. 

Дебрецен университеті 1538 жылы негізі қаланған, әлемдегі ірі оқу орындарының бірі екен. Оқу-материалдық жағдайы керемет жабдықталған, тарихи мұражай сияқты әсер қалдырды. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген студенттерді байқауға болады. Егер біздің елімізде “Этножурналистика” оқу бағдарламасы мамандық ретінде жеке қалыптасатын болса, бұл университеттің базасында филиал ашуға қарсы емес екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар болашақта магистрант, докторанттар ғылыми зерттеу практикасынан өту мүмкіндігі бар. Жалпы халықаралық байланыстар нығайған сайын, ғылымда оң өзгерістер болары анық”.