PR мамандарының шеберлік дәрістері өтті

28.02.2023

Көрулер: 879

Журналистика факультетінде студенттерге арнайы практик мамандарының дәрісі өтті. Мастер класқа 1-курс 6В03203 - «қоғаммен байланыс», 6В03202 - халықаралық журналистика мамандықтарының студенттері және «қоғаммен байланыс» топтарының 2-3 курс студенттері қатысты. Шеберлік сағаттың ұйымдатырушысы кафедра оқытушысы - Жүнісова Эльмира. Анайы шақыртылған тәжірибелі мамандар ҚР мемлекеттік хатшысы меңгерушісінің орынбасары- Ержан Байтілес және «Қазақстан» арнасының продюсері Сымбат Танашева қатысушыларға танымды әрі мазмұнды дәріс оқып, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Әсіресе спикерлердің тәжірибелері студенттерге өте қызықты болды. «Жұмыс барысындағы қызықты сәттер мен қиындықтар», «Ең маңызды өмірлік ұстанымдарыңыз», «Мемлекеттік хатшылыққа қойылатын негізгі талаптар», «Атқарып жүргент қызметіңіздің ең басты үш артықшылығын атап өтсеңіз» деген сияқты сұрақтар студенттерді қызықтырғанын байқадық. 1-курс студенті Жарылқасын Ақерке шеберлік сағаты Абай залында өтіп жатқандықтан, ақын өлеңдерінен үзінді оқып берді.

Арнайы қонағымыз Сымбат Танашева радиодағы басшылық кездерін еске алып, тәжірибелік кеңестерін айтты. Радиодағы жіберілген қателіктер түзей алмайтындықтарын айтып, студенттерге сөйлеу курстарына баруларына кеңес берді.

Тәжірибелік шеберлікті ұйымдастырушы - ЮНЕСКО-ның халықаралық жуналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы- Жүнісова Эльмира.