Кафедра тарихы

ЮНЕСКО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ МЕДИА КАФЕДРАСЫ

халықаралық журналистика мен PR саласында кәсіби мамандар даярлайтын жетекші орталық

 

Халықаралық журналистика кафедрасы жұмысын 1993 жылы бастады. Халықаралық журналистерді, шетелдік БАҚ-қа тілшілер, редакторлар, сондай-ақ елшіліктер мен өкілдіктердің ақпараттық қызмет мамандарын дайындады. Тұңғыш рет ағылшын тілінде оқытуға көшті, танымал отандық және шетелдік педагогтар сабақ берді.

1996 жылы құрылған ЮНЕСКО кафедрасы халықаралық, ғылыми және ұйымдастырушы орталық бола отырып, факультеттегі мамандықтардың қалыптасуына үлкен үлес қосты. ЮНЕСКО-ның журналистика бойынша стандарттары факультеттің білім беру бағдарламасының негізі болды.

2001 жылы  БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы Қазақстан Республикасының медиалық ұйымдары, сондай-ақ, басқа да қоғамдық қызмет салалары үшін қоғаммен байланыс, жарнама және БАҚ менеджменті бойынша мамандарға деген жоғарғы сұранысқа байланысты құрылды. 2010 жылғы                                         1 қыркүйектен бастап қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасы, 2014 жылдан бастап ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы болып өзгертілді. 

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы 2011 жылы БАҚ менеджменті және жарнама, халықаралық журналистика және ЮНЕСКО кафедраларын біріктіру жолымен құрылды. Мұның өзі кафедраның ғылыми әлеуетін нығайтуға және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу мәртебесін бекітуге жәрдемдесті.  Кафедра «Қоғаммен байланыс» және «Халықаралық журналистика» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.  

Қазіргі таңда кафедра үш бағыт бойынша дамып отыр: коммерциялық, мемлекеттік және саяси PR, халықаралық журналистика және сыртқы саяси коммуникация, қазіргі гуманитарлық білім берудегі ЮНЕСКО-ның алдыңғы қатарлы технологиялары.

Бакалавриат

5В051400 – «Қоғаммен байланыс»

Магистратура

6М051400 – «Қоғаммен байланыс»

6М051600 – «Халықаралық журналистика»

Кафедра мақсат-мұраты 

Кафедра кәсіби мамандарды – медиа нарығына, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік және бизнес құрылымдарға қазіргі заманғы технологияларды меңгеріп, құзіреттер мен тәжірибелік дағдыларды игерген, бәсекеге қабілетті, бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие халықаралық журналистерді, PR-менеджерлерді, имиджмейкерлерді, продюсерлерді, баспасөз хатшыларын даярлауды мақсат етеді.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы бүгінде:

– өз ісіне берілген кәсіби оқытушылар командасы болып табылады,

–баспасөз қызметтері мен баспасөз орталықтарының болашақ басшылары, PR-кеңесшілер, жарнама мамандары мен халықаралық журналистер – белсенді де  креативті, көпшіл студенттер білім алады, 

– инновациялық оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысы белсенді жүргізіледі,

–       Студенттік баспасөз Орталығы жұмыс істейді,

– «Newsroom», «PR клубы», «Global communication», «Баспасөз хатшылары клубы», «PR мектебі», «Жас көшбасшылар мектебі»,  «InterPRess», «Конвергенттік  журналистика», «Жас кәсіподақ көшбасшылар мектебі»,  «ҚазҰУ аға эдвайзерлеріне арналған коммуникация мектебі» және басқа студенттік клубтар жұмыс істейді,

– «Мүшайра» республикалық жас ақындар сайысы, «Үздік PRоект» креативті идеялар мен жобалардың республикалық студенттік байқауы, республикалық үздік PR-жобалар конкурсы, мектеп оқушыларына арналған «Өзіңе өзің режиссерсің», «Үздік шығарма» байқаулары өткізіледі.

 

 Кафедраның оқу-әдістемелік қызметі

 Кафедраның даму әлеуеті зор. Оқу және әдістемелік материалдар сапалы жасалады. Кафедраның әдістемелік стратегиясы бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда, олардың ішінде жас оқытушылар мен студенттердің шет елдерде тағылымдамадан өтуі мен білім алуын ұйымдастыру, бірқатар дәріс курстарын шет тілдерінде оқыту және т.б. бар.

Факультеттің әлеуметтік маңызды әрі ауқымды шараларына ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ авторлар, модераторлар, спичрайтерлер, фотографтар, редакторлар, PR-кеңесшілер, халықаралық журналистер және басқа мамандар ретінде тартылатын студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатымен лабораториялық және практикалық сабақтар арнайы мамандандырылған оқу Баспасөз орталығында өткізіледі. 2011 жылдан бастап Колумбия Университетімен (Нью-Йорк, АҚШ) MDP/Global Classroom бағдарламасы табысты жүзеге асырылды. Global Classroom жобасы бойынша Integrated Approaches to Sustainable Development Practice бағдарламасын меңгерген ҚазҰУ студенттері Колумбия университетінің секртификатын алды.

 Кафедраның ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметі

 

Кафедра ғалымдары белсенді түрде ғылыми зерттеулер жүргізіп, халықаралық деңгейде инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысында мәдениетаралық коммуникация маңызды орын алады: ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, өткізіледі, профессор-оқытушылар құрамы түрлі аймақтық, республикалық, халықаралық  конференцияларға қатысады. Кафедрада «Қазақстандағы PR мен БАҚ» мерзімді ғылыми еңбектер жинағы шығады. Студенттер мен магистранттар белсенді тартылған іргелі ғылыми жобалар мен «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медиабейнесі: имидждік саясатты дамыту» атты серпінді жобасын жүзеге асыруда.   

Кафедра халықаралық ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты кеңейту,  әлеуметтік әріптестікті дамыту саласында да серпінді дамып отыр. Стамбул мемлекеттік  университетімен (Түркия), Колумбия университетімен (АҚШ), Вайоминг университетімен (АҚШ), Огайо университетімен (АҚШ), Н. Коперник университетімен (Торунь, Польша), Адам Мицкевич университетімен (Познань, Польша), Рединг университетімен (Ұлыбритания), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (РФ), Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен (РФ), Пенза федеральдық университетімен (РФ) т.б. ынтымақтастық байланыстар орнатқан.  Студенттер мен магистаранттардың академиялық ұтқырлығы, ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойылған. 2011 жылдан бастап оқу траекториялары бойынша бакалавриат пен магистратурада Еуропа, АҚШ, Азия және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары мен білім беру орталықтарының 30-дан астам профессорлары дәрістер оқыды.

 

Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО ғылыми, зерттеу және тәрбие беру орталығы 

 

– бұқаралық коммуникациялар саласындағы ғылыми зерттеулермен, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысы бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады, тәрбие қызметіне талдау жасап, мониторинг жүргізеді,

–конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер өткізеді,

– тұсаукесерлер ұйымдастырып, кітаптар мен монографиялар шығарады,

– мемлекеттік, коммерциялық және халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық жасайды.

 Орталықтың халықаралық байланыстары:

 ž М. Ломоносов атындағы ММУ-дың журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

ž Экология жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы – Израиль

ž ЮНЕСКО кафедрасы – Страсбург, Франция

ž ЮНЕСКО кафедрасы – Вернадский, Украина

ž Мәдениет университеті – Стамбул, Турция

ž Легионово мұражайы – Варшава, Польша

ž Қырғыз-Ресей Славян университетінің әлемдік мәдениет пен діндерді зерттеу жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

 

Халықаралық ұйымдармен жұмыс:

 

ПРООН, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры,  БҰҰ Әйелдері,  ДООН, ХЕҰ,  ИПЕК ХЕҰ, МКП, МКП-ВЕРС, Әйелдер желісі, ЭКПАТ, ҚР АҚШ Елшілігі

 

Қазақстан

 ž Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО  және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы

ž  ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясы

ž ЮНЕСКО-ның ассоцияцияланған мектептері

ž Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

ž Шығыстану институтының «Руханилық және ғылым» ЮНЕСКО кафедрасы

 

Тәжірибе

Дәріс оқу үшін Қазақстаннның жетекші БАҚ-тарының белгілі журналистері мен басшылары және PR мен жарнама кәсіби мамандары – мемлекеттік мекемелердің, PR-бөлімдердің, жарнама агенттіктерінің, жекеменшік компаниялар мен қоғамдық қорлардың баспасөз хатшылары шақырылады. Кафедра өкілдері Қазақстандағы БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЮНЕСКО өкілдіктерімен, Сорос-Қазақстан Қорымен, Еуразия Қорының Аймақтық өкілдігімен, Айрекс, Фулбрайтпен, журналистика факультеттері оқытушылары америкалық Ассоциациясымен, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей ақпарат агенттіктерімен жұмыс істейді, сондай-ақ Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясымен (ҚБҰА), PR-шы клубымен, Қазақстан Республикасының жетекші PR және жарнама құрылымдарымен ынтымақтастық орнатқан.  

Кәсіби бағдар беру қызметі

Кафедра «Global School Room» инновациялық жобасын ұйымдастырып, республика мектептерімен онлайн іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Мектеп мұғалімдеріне, өңірлік жоғары оқу орындары оқытушыларына оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері туралы семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

 

Кафедраның «Студенттік спорттық Лига» бизнес-инкубаторы

– өзіндік бизнес-идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі,

– тағылымдамадан өтуге қолдау жасау,

– PR саласындағы студенттік жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаражат көздерін іздестіру,

– студенттік шақтан бастап ғылыми-зерттеу қызметіне баулу,

– студенттер ұйымдары мен бірлестіктері өткізетін қоғаммен байланыс, маркетинг, консалтинг жөніндегі байқауларға қатысу.

«Сиреневый прорыв» республикалық байқауын өткізу қорытындылары бойынша «Қазақша PR», «Мүгедектерге шетел тілін оқытуға жәрдемдесу», «Алматы қаласының Балалар үйлерімен әріптестік» жобалары жүзеге асырылды.