Мектеп оқушылары арасындағы өлкетану мен туризм бойынша Үшінші аймақтық Олимпиада

28 наурыз 2015 жылы аймақтық жыл сайынғы Алматы қ. мен Алматы облысындағы орта оқу орындарының оқушылары арасындағы өлкетану мен туризм бойынша Үшінші Олимпиада өтті. Олимпиадаға 10 мектеп қатысты : №152 Мектеп-гимназиясы, №187 Жалпы білім беретін мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы №159 Гимназия, №16 Шарипов атындағы жалпы білім беретін мектеп, А.Байтұрсынұлы атындағы №139 мектеп-гимназиясы, Назарбаев Интеллектуалды мектебі, №163 Мектеп-лицей, І.Жансүгіров атындағы №130 Гимназия, №117 Жалпы білім беретін мектеп.

Жыл сайынғы аймақтық Алматы қ. мен Алматы облысындағы орта оқу орындарының оқушылары арасындағы өлкетану мен туризм бойынша Үшінші Олимпиада «Жастур» атты Қазақстандағы туризм мен спортты дамыту клубымен жүргізіліп, география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының қолдауымен, оқушылардың теориялық дайындық деңгейі мен қажетті дағдылардың барлануы, шығармашылық ынталары мен болашақ мектеп түлектерінің жетекшілік қасиеттерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады. Тартысты жарыс барысында, олимпиада нәтижесіне сәйкес жеңімпаздар болып Ы.Алтынсарин атындағы №159 Мектеп-гимназиясының «Әлем» командасы атанды.

Олимпиаданың жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушылары дипломдар мен демеушілер атынан есте қаларлық сыйлықтармен марапатталды.

Басылым күні :  21.04.2015