Жаңалықтар

Заманауи сын-қатерлер мен жауаптар: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның болашақ жолында

03.01.2024

«Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбаты кеңінен жарияланды. Мемлекет басшысы ішкі және сыртқы саясат мәселелерін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын, сондай-ақ атом электр станцияларының құрылысын және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады.

Ары қарай оқу >>

«Алтын күз» туристік слеті

25.09.2023

2023 жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында Тамғалы тастағы Іле өзенінің маңында жыл сайынғы «Алтын күз» митингісі өтті. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (География және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасы) екі командасы: «Туризм қуаты» және «ЖасТур» қатысты. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша университетіміздің командалары жүлделі орындарға ие болды: «Туризм қуаты» командасы – 2 орын; «ЖасТұр» командасы – 3 орын.

Ары қарай оқу >>

Саяхат – өмір сүру!

17.09.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы 2023 жылдың 17 қыркүйегінде университет студенттері үшін Горельник сарқырамасына демалыс күнгі жаяу жорық өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Дүниежүзілік тазалық күніне қатысты

16.09.2023

2023 жылдың 16 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында «Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акциясына қатысты (https://www.instagram.com/reel/CxSptuGNMxC/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng%3D%3D).

Ары қарай оқу >>

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» ұғымдары – іргелі құндылықтар...»

09.09.2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2023 жылғы 4-9 қыркүйек аралығында Рекреациялық география және туризм кафедрасында кураторлық сағаттар топтамасы өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ қалашығымен таныстыру экскурсиялары

21.08.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (География және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасы) студенттері Алматы қаласының оқушылары, тұрғындары мен қонақтары үшін университет қалашығы бойынша танымдық экскурсияларды қайта бастады. Бағдарламада: әл-Фараби мұражайына, әл-Фараби кітапханасына, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына және басқа да нысандарға бару.

Ары қарай оқу >>

«Project Battle» сайысы

20.04.2023

Сәуір айының 20 жұлдызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен және кафедра оқытушы Нұрұлы Елдардың жетекшілігімен «Project Battle» атты сайысы өткізілді. Аталмыш іс-шара «Қонақжайлылық маркетингі» пәні аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және өз жобаларын дайындау, оларды таныстыру және аудитория алдында қорғау арқылы маркетинг саласында нақты практикалық дағдыларды бекіту.

Ары қарай оқу >>

27 наурызда рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары және студенттері болашақта университетіміздің әлеуетті студенттері Якутиядан келген оқушыларға арналған ҚазҰУ кампусы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді

27.03.2023

27 наурызда рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары және студенттері болашақта университетіміздің әлеуетті студенттері Якутиядан келген оқушыларға арналған ҚазҰУ кампусы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.
Экскурсия барысында қонақтарды ҚазҰУ тарихымен, университеттің инфрақұрылымдық бөлімшелерімен таныстырды. Университет кітапханасымен танысу, ҚазҰУ-дың тарих мұражайына, сондай-ақ "Кереметке" бару үлкен қызығушылық тудырды.

Ары қарай оқу >>