Білім беру үдерісіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау моделі
2020 жылдың 12 ақпанында Филология және әлем тілдері факультеті әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің пдагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында «Білім беру үдерісіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау моделі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жұмыс берушілермен бірлесіп сандық білім беру жүйесіндегі филолог-маманның жаңа моделін дайындау.
Дөңгелек үстел барысында сандық білім беру жүйесіндегі филолог-маманның жаңа моделін дайындаудың ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.
Басылым күні : 12.01.2021