ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕ, ӘЛЕМДІ ТАҢ ҚЫЛЫП, ҚАЗАҚСТАН - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ МӘҢГІЛІК!

ҚР ЖОО-дағы өзге ұлт (түркі тілдес емес) студенттерінің мемлекеттік тілді білуімен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды тану деңгейін көтеру мақсатында 2023 жылдың 14 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, Ақымет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан - тәуелсіз ел мәңгілік!» атты дәстүрлі, республикалық зияткерлік-танымдық ОЛИМПИАДА өтті.

          Республикалық олимпиадаға Ақымет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. профессор Салқынбай Анар Бекмырзақызының төрағалығымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Тілдер кафедрасының қауымдастық профессоры, ф.ғ.д. Ақыжанова Ақмаржан Тәсібекқызы және С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Тілдік пәндер кафедрасының доценті Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы қазылық жасады.

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран» университеті, Кенжеғали Сағадиев атындағы "Халықаралық бизнес" университеті, Каспий қоғамдық университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс Академиясы, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті студенттері талабы мен талғамы дара білім додасында бақ сынады.

          ҚР бойынша ЖОО-дан 31 студент олимпиадаға қатысуға өтініш білдірді. Соның ішінде Штейнпресс Александра (неміс), Арестова Ксения (орыс), Русяновский Леонид (украин), Ню Ванесса (кәріс), Сачакова Сюзанна (еврей), Лис Валерия (орыс), Левен Луиза (орыс), Юн Анжела (кәріс), Шилова Алина (орыс), Добрыднева Екатерина (орыс), Сизова Дарья (орыс), Очеретин Максим (орыс), Те Карина (кәріс), Игоревич Рифкат (еврей), Шаронова Арина (орыс), Бессонный Денис (орыс), Кириллов Олег (орыс) олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алды.

Басылым күні :  18.05.2023