«ХАН ТӘҢІРІНІҢ МҰЗБАЛАҒЫ»

Ақпан айының 2 жұлдызында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультеті Ақмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы қазақ филологиясы мамандығының 202-топ студенттерінің ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атты кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкамен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну болды.

М.Мақатаев жырларының қорғасындай салмақты өлеңінің бірі «Менің мақсатымды» Нұрлыбайханқызы Назерке және Нұрбақыт Зерде «Ей бауырым» өлеңін жоғары деңгейде мәнерлеп оқыды.

Сонымен қатар ақиық ақынның күнделігінен жатқа үзіндіні нақышына келтіре, мәнерлеп оқыған Ілияс Мерейдің орындауы қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Әлішер мен Тоғжан «Махаббат диалогін» ерекше сезіммен орындаса, 202-тобының хорымен орындалған Мұқағалидың сырлы әуендерінен ән-шашу кештің сәнін келтірді. Әдеби кештің соңы куратор Гүлшат Уабиденқызының салиқалы әңгімесімен мәресіне жетті.

Басылым күні :  18.05.2023