СТУДЕНТТЕР ҚАЗҰУ СТУДЕНТІНІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2023 жылдың 26 ​​қаңтары филология факультетінің «6В02305 – Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс студенттері ҚазҰУ Студентінің Ар-намыс Кодексін талқылап, куратор сағатын өткізді. Студенттер белсенділік танытып, куратор-эдвайзерге сұрақтар қойды. Кодексте берілген 13 баптың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.

Университетте оқитын әрбір білім алушы ҚР Конституциясы мен заңдарына, ҚазҰУ Жарғысына, Ішкі тәртіп Ережесіне, Жатақханада тұру Ережесіне және басқа да ҚазҰУ-дың нормативті актілеріне бағынуы тиіс екендігі және университет дәстүрлерін кіршіксіз сақтауға, оларды құрметтеуге міндетті екені сөз болды. Оқытушылармен, қызметкерлермен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік, ұқыптылық танытуға, құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге тиіс екендігі де баса айтылды.

Сондай-ақ студенттер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенті туралы Ережеде көрсетілген студенттердің міндеттерін, құқықтарын, мәртебесін талқылады. ҚазҰУ Жарғысында, ҚазҰУ студент-терінің Ар-намыс кодексінде көрсетілген ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін студенттерге тәртіптік шаралар қолданылатыны ескертілді.

Басылым күні :  18.05.2023