аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі мұражайына іс-шарасы

Қазіргі уақыты, білімдегі басты басымдылықтардың бірі-жастардың бойындағы рухани-адамгершілікті қалыптастыру болып табылады. Ұлттық мәдениет, халықтың күнделікті өмірін баяндайды. Ол жастарға тәрбие беруге  бай материалдардың қайнар көзі. Ертедегі тарих пен сол уақыттағы адамдардың жасаған істері, жастардың бойында халыққа деген, өз халқына деген патриоттық сезім мен махаббатты оятып қана қоймай, жастардың білімін сусындатады.

Жастарға көрнектілік елестету тән болғандықтан, оларға тек әдеби кытаптар мен теориялық білімдермен қоса, көрнекіліктерді маңызды рөл атқарады. Сол себепті те, біз Халықаралық қатынастар факультетінің,халықаралық құқық мамандығының 2 курс  МП51К және МП53К студенттерімен аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі музейге бардық.

Іс-шараның мақсаты: Студенттер бойына патриоттық сезімді ұялату, Шығысты ойшылы, философ Абу Насыр әл-Фараби еңбектерімен, өмірімен таныстыру, Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі басты кезеңдермен таныстыру, сондай-ақ студенттерлі адамзаттың басты жетістігі-Ұлы Жібек Жолымен көрнекілік диаграмма арқылы таныстыру болды.

Іс-шара барысы: Көрсетелім бірнеше бөлімдерден тұрды, соның бірі "Ежелгі Отырар- естеліктер қазынасы, "әл-Фарабидің жастық шағы" болды. Бұл бөлімде жастар Ұлы ғұлама ғалымның жастық шағынан көптеген мәліммер алды. Бұл бөлім ауқымды диаграммалар мен көрсетілімвитриналарынан тұрады, жанындағы заттай деректер бар берілген мәліметтерді растайтын құжаттардай көрінді. Содан соң, студенттер "Ұлы Жібек Жолы бойымен" атты бөліммен танысты. Бұл бөлім адамзат тарихының басты жетістігі -Ұлы Жбек Жолы туралы мәліметтерді қамтыды. Жаңа технологияларды қолдана отырып жасалған бұл бөлім, Ұлы Жібек Жолын сол кездегі өалпын тур жеткізді. Келесі бөлім, " әл-Фараби еңбектері-адамзаттың алтын мұрасы" атты бөлім болды. Бұл бөлім әл-Фарабидің әртүрлі ғылым саларында қалдырған еңбектеріне арналды.Кейінгі бөлімнің диаграммалары мен көрсетілімдері " әл-Фарабидің рухани мұрасы мен қазіргі Қазақстан" атты бір бөлімге жинақталды. Бұл бөлім барлық бөлімнің логикалық  аяқталымы болды және өзіне документалды материалдар мен қоғамдық-мәдени модернизацияны қамтыды.

2-курс студенттері бұл іс-шарадан терең әсерде қалды. Себеі, мектеп қабырғасынан бұл туралы негізгі білімдері бар суденттерге, бұл теориялық білімдерді өз көзімен көру өте қызық болды. Танысу барысында және соңында студенттер, әл-Фарабидің ескерткішінің алдында суретке түсіп, мәз-мейрам болды.

         

Басылым күні :  20.03.2016