Халықаралық құқық пәні бойынша Республикалық пәндік студенттік олимпиаданы өткізу туралы ереже

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

"ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ" КЕАҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2022 ж.

 

"ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ" КЕАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ БАЗАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ-БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (МАМАНДЫҒЫ) БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

 

1.    Жалпы ережелер

 

1.1   Халықаралық құқық мамандығы бойынша Республикалық пәндік студенттік Олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) ҚР базалық жоғары оқу орындарында Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарға сәйкес өткізіледі.

1.2   Олимпиадаға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Халықаралық құқық – білім беру бағдарламасы (мамандығы) бойынша студенттер қатысады. 

1.3   Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

-      студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру;

-      студенттердің кәсіби және тұлғалық мүмкіндіктерін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі таныту және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау;

-   студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу;

-   ең қабілетті және дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау.

1.4   Олимпиаданың ұйымдастырушысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы. 

1.5   Өткізу формасы – ОНЛАЙН.

 

2.   Олимпиада қатысушылары

 

2.1 Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері (бұдан әрі – Қатысушылар) қатыса алады.

2.2 Олимпиадаға қатысу үшін әр ЖОО 3-4 курс студенттері арасынан қазақ, ағылшын және орыс тілдерін білетін 3 адамнан аспайтын қатысушылардың құрамын құрады. Әрбір қатысушының жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.

2.3 Олимпиада тек жеке форматта өтеді.

Команданың қатысуы қарастырылмайды және бағаланбайды!

2.4   Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері.

 

3.   Олимпиаданың өту мерзімі

 

3.1 Олимпиада 30 сәуір күні, сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткізіледі.

 

4.             Олимпиаданы өткізу тәртібі

 

4.1 Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі ҚазҰУ қызметкерлерінен жасақталған ҚазҰУ-дың ұйымдастыру комитетімен (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) анықталады.

4.2   Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің функциялары:

-       пәндер бойынша олимпиаданы өткізу нысандарын, мерзімін және өткізу орындарын анықтайды;

-       университет әкімшілігімен олимпиаданың шығындар сметасын, іс-шаралар кестесін және аудиториялық қорды пайдалану шарттарын келіседі

-   ЖОО-ды олимпиада туралы ақпаратпен хабардар етеді;

-     олимпиаданың конкурстық комиссиясының (қазылар алқасының) төрағасын тағайындайды және қазылар алқасының құрамын құрады;

-   олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттайды;

-     университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесіне соңғы олимпиаданың қорытындысы бойынша жыл сайынғы есеп береді.

4.3 Состав конкурсной комиссии Олимпиады формируется из числа профессорско-преподавательского состава КазНУ им. аль-Фараби, представителей органов государственной власти, международных и иных организаций.

4.4 Олимпиаданың конкурстық комиссиясының құрамы ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамының, мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өкілдерінің арасынан құрылады.

4.5 Олимпиаданың есеп комиссиясының құрамы ҚазҰУ оқытушыларынан 2 адамнан құрылады.

4.6 Олимпиадаға арналған ситуациялық тапсырмаларды ҚазҰУ серіктестері қатарынан сыртқы сарапшылар жасайды.

4.7 Онлайн-тіркелу Олимпиадаға қатысудың міндетті шарты болып табылады.

Онлайн-тіркелуге сілтеме:https://onlinetestpad.com/dispkua7uqjoo 4.7Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

1)   бірінші кезең – ЖОО ішіндегі;

2)   екінші кезең – базалық ЖОО-да.

4.8 Республикалық олимпиаданың I кезеңінің (ЖОО ішілік) қорытындысы бойынша университеттің конкурстық комиссиясы конкурстық негізде университеттің үздік студенттерін іріктейді және олимпиаданың II кезеңіне қатысуға жібереді.

4.9 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары Олимпиадаға қатыса алмайды.

 

5.  Олимпиаданың қорытынды кезеңі

 

5.1  Бірінші кезең халықаралық жария құқықтың түрлі салалары бойынша тестілеу түрінде өткізіледі. Кезеңді өткізу тілі – қазақ тілі. Жалпы тест сұрақтар саны-20, әр сұраққа төрт жауап ұсынылады. Әр сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы бар. Назар аударыңыз! Әр сұраққа берілген уақыт шектеулі. Бірінші кезең үшін ең жоғары балл - 100 балл;

Екінші кезең дұрыс жауаптарды таңдай отырып, Халықаралық жеке құқық бойынша ситуациялық тапсырмаларды шешуді көздейді. Кезеңді өткізу тіл і- орыс тілі. Барлығы 20 тапсырма қарастырылған. Әр тапсырмаға төрт жауап ұсынылады. Әр сұрақта бір, екі немесе үш дұрыс жауап болуы мүмкін. Назар аударыңыз! Әр сұраққа берілген уақыт шектеулі. Екінші кезең үшін ең жоғары балл - 100 балл;

5.2 Алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша кемінде 140 ұпай жинаған қатысушылар үшінші кезеңге жіберіледі. Бұл ретте Конкурстық комиссия үшінші турға жіберілетін студенттердің қосымша санын анықтау құқығын өзіне қалдырады.

5.3 Үшінші кезең халықаралық құқық бойынша ауызша сұрақ-жауап түрінде өткізіледі (1 сұрақ - 1 Жауап). Кезеңді өткізу тілі – ағылшын тілі. Жауапқа дайындалу уақыты-30 секундтан, жауап беру уақыты-3 минуттан аспайды. Дұрыс және толық жауап үшін қатысушы 100 ұпай жинайды. Конкурстық комиссия өз қалауы бойынша қатысушыға жауап толық болмаған жағдайда аз балл қоюға құқылы. Комиссия нақтылаушы сұрақтар қоюға құқылы.

Бағалау кезінде комиссия келесі критерийлерді ұстанады:

1) құқықты білу; 2) құқықты фактілерге қолдану; 3) тапқырлық және сұрақтарға жауап беру қабілеті; 4) өзін ұстау стилі, тәсілі, сыпайылық және мінез-құлқы; 5) уақытты басқара білу және ұйымдастырушылық қабілеті.

 

6.   Олимпиаданың қорытындысын шығару

 

6.1 Олимпиаданың қорытынды нәтижелері комиссияның қорытынды отырысында шығарылады.

6.2 Олимпиаданың нәтижелерін жариялау және жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылдың 30 сәуір күні жұмыс аяқталғаннан кейін өткізілетін салтанатты іс-шарада өтеді.

6.3 Олимпиаданың II кезеңінің жеңімпаздарын анықтау бойынша базалық ЖОО комиссиясының шешімі, барлық мүшелерінің қолы қойылған тиісті хаттамамен ресімделеді.

6.4   Олимпиада жеңімпаздары I, II, III орындарға дипломдармен марапатталады.

6.5 Комиссия құрамы жеңімпаздарды келесі тәртіпте марапаттауды ұсынады: 1 орын үшін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломы (бір студенттен көп емес); 2 орынға – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломдары (екі студенттен көп емес); 3 орынға – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломдары (үш студенттен көп емес).

6.6 Олимпиадаға қатысушылары, олимпиаданың қорытындысы бойынша тең балл жинаған жағдайда, комиссия олардың әрқайсысына бір қосымша сұрақтан қоюға құқылы.

6.7 Диплом берілуі үшін Комиссияның шешімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынылады.

6.8 Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады.

 

Келесі Олимпиада Халықаралық құқық білім беру бағдарламасы (мамандығы) бойынша жеке біріншілікте бірінші орын алған студенттің ЖОО базасында өткізілетін болады.

 

6. Қосымша ақпарат

 

Барлық сұрақтар бойынша Олимпиада ұйымдастырушысы Нысанбекова Ләззат Бегімжанқызына +7 (701) 5553581 (Whatsapp) нөмірі арқылы немесе debateclub.lex@gmail.com электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды   сұраймыз.