Халықаралық құқық бойынша Республикалық Пәндік Олимпиада 2024
27.04.20242024 жылдың 27 сәуірінде Әл-Фараби ат. ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде 2024 жылғы халықаралық құқық бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті.
«Халықаралық құқық бойынша Республикалық олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында Қазақстанның 8 жоғары оқу орнынан 17 ең мықты және ең жарқын студенттерді біріктірді.
«Халықаралық құқық» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша «Тұран-Астана» университетінің студенті Эльмира Қабілжапарова бірінші дәрежелі дипломның иесі атанды.
II дәрежелі дипломмен Тұран университетінің студенті Тұрсынбай Бекзат Серікұлы марапатталды.
Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Әділ Ғарипуллаев ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.