Факультет тарихы

  Республиканың ұлттық мәдени мерекесіне айналып, 1934 жылдың 15 қаңтарында Алматыда Қазақ мемлекттік университетінің ашылуы салтанаты өтті. Жас университтеттің құрамы алғашқыда екі факультеттен : биологиялық  және  физика-математикалық, кейіннен қыркүйектен бастап химиялық факультет ашылды. Мұндай университеттің құрылымы сол кездегі республикада сол мамандықтарға деген сұраныстан туды.

   Университет директоры болып атақты ғалым, педагог және қоғам қайраткері Федот Тимофеевич Оликов тағайындалды.

  Физика-математикалық факультеттің бірінші деканы болып доцент М.М.Маркович (мамандығы физик) сайланды. Университеттің ұйымдық және қаржылық жұмыстарына белсене ат салысты.

  Қазақстанда 1934 жылы алғаш құрылған ҚазМУ-дың физика-математика факультеті білім беру бесігі мен білім мен ғылымның ұлттық орталықтарының бірі болды. Бұл тарихи міндет факультет үшін қазіргі таңда да өзекті.Факультет барлық сынақтардан абыроймен өтіп, ғылыми зерттеу орталықтарының бірі және елдегі математика, механика мен ақпараттық технологиядан мамандар дайындау бойынша жетекші болып қалуда. Факультет үнемі даму үстінде. Соңғы жылдары студенттер санының өсу үрдісі тұрақты көрсетілуде. Ғылыми-зерттеу бағдарламалар саны өсуде, мамандар дайындауда ең өзекті бағыттар бойынша жаңа курстар даярлануда, факультеттің материалдық базасы кеңеюде.

  Студенттер фундаментальды білім алып, өздері таңдаған математика, механика, информатика бағыттарындағы ғылыми зерттеулерге жүктелінеді. Бүгінде факультет жетістіктері қазір жұмыс жасайтын және жұмыс жасап кеткен бірнеше ғалым буындарының бар ынта-жігері мен шығармашылықтарының арқасында. ҚазҰУ-дың механика – математика факультетінің түлектері еліміздің еңбек нарығында бұрыннан бағаланатыны белгілі және өз уақытында және сапалы жаңа ептілік пен икемделікті игере алуға мүмкіндік беретін фундаментальды білімге ие.

  Механика-математика факультеті ұжымының білім беру үрдісін жүзеге асыруда және алдағы уақыт талаптарына сәйкес тиімділікті арттыру бойынша ауқымды жоспарлары бар. Болжамды жоспарларды табысты атқару үшін, факультет жеткілікті күш-қуатқа ие. Механика-математика факультетінің Қазақстанда өзінің дәрежесін сақтап және әрқашан Бірінші болып қалуына, студенттер мен түлектер, қызметкерлер мен оқытушылардың жүрегінде қалатынына біз сенеміз.

  Факультетте ең жақсы білім алғысы келетін, жаңа білімге талпынған, мақсатқа ұмтылған, белсенді жастарды көруге асықпыз. Факультеттің ғылыми және тәжірибиелік жетістіктері Сізде өзінің шынайы іске асырылуында біздің болашақ студенттерімізге сенеміз.


ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНДАРЫ

   

МАРКОВИЧ МАРК МОИСЕЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты,

физика-математика факультетінің деканы болып 1934-1935 жж аралығында жұмыс істеді.

ЛИТВИНОВ ВСЕВОЛОД ФЕДОРОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

физика-математика факультетінің деканы болып 1935-1942 жж аралығында жұмыс істеді. 

МОЛЮКОВ ИВАН ДМИТРИЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор,

физика-математика факультетінің деканы болып 1942-1947 жж аралығында жұмыс істеді. 

     

ЕНИКЕЕВ ШАРАФ МУХАМЕДРАХИМОВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент,

физика-математика факультетінің деканы болып 1947-1957 жж аралығында жұмыс істеді.  

ИБРАШЕВ ХАСАН ИБРАШЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор,

физика-математика факультетінің деканы болып 1957-1959 жж аралығында жұмыс істеді,

механика-математика факультетінің деканы болып 1959-1971 жж аралығында жұмыс істеді

КАСЫМОВ КУЛЖАБАЙ АБДЫКАЛЫКОВИЧ 

академик НАН РК, физика-математика ғылымдарының докторы,

1972 жылдан 1975 жылға дейін қолданбалы математика факультетінің деканы,

1991 жылдан 1994 жылға дейін математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді

     

САГИТОВ МАРУАН НАДЫРХАНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

1971-1975  жж аралығында механика-математика факультетінің деканы,

1975-1977 жылдар аралығында механика және қолданбалы математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 

РОМАНОВ ВЯЧЕСЛАВ ИВАНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент,

1975 жылдан 1980 жылға дейін математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

ОРЫНБАСАРОВ МАМАЖАН 

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

1980 жылдан 1985 жылға дейін математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.
     

КАЛЬМЕНОВ ТЫНЫСБЕК ШАРИПОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі

1985 жылдан 1991 жылға дейін математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 

НИ ВАЛЕНТИН ХАКСУНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор,

1971 жылдан 1993 жылға дейін физика-математика факультетінің деканы қызметін атқарды.

УАЛИЕВ ГАХИП

техникалық ғылым докторы, ҚР ҰҒА академигі,

1983 жылдан 1989 жылға дейін механика және қолданбалы математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

     

РАХИМОВ ЕСЕНТАЙ РАХИМОВИЧ

техникалық ғылым докторы, профессор

1977-1983 жж,  1989-1994 жж аралығында механика және қолданбалы математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

ШЕРЬЯЗДАНОВ ГАЛИМ БЕКЕНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

1994 жылдан 1996 жылға дейін механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

ДАНАЕВ НАРГОЗЫ ТУРСЫНБАЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

1996 жылдан бастап 2000 жылға дейін механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

 

 

МУРЗАБЕКОВ ЗАЙНЕЛ НУГМАНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

2000-2001 жылдар аралығында механика-математика факультетінің деканы қызметін атқарды.

СМАГУЛОВ ШАЛТАЙ СМАГУЛОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 

2001-2003 жылдар аралығында механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

ОРУНХАНОВ МУРАТ КАДЕСОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2003 жылдан 2008 жылға дейін механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

 

 

 

ТЕМИРБЕКОВ НУРЛАН МУХАНОВИЧ

ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2008 жылдың қыркүйегінен бастап 2009 жылдың қаңтар айына дейін декан болып жұмыс істеді.

КАЛТАЕВ АЙДАРХАН ЖУСУПБЕКОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

2009 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурыз айына дейін декан болып жұмыс істеді.

БЕКТЕМЕСОВ МАКТАГАЛИ АБДИМАЖИТОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

2010 жылдың наурызынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін декан қызметін атқарған.

 

 

 

АБДИБЕКОВ УАЛИХАН СЕЙДИЛДАЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

2010 жылдың қыркүйек айынан бастап мамырға дейін декан болып жұмыс істеді. 

АХМЕД-ЗАКИ ДАРХАН ЖУМАКАНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

2012 жылдың мамырынан 2013 жылдың маусымына дейін декан болып жұмыс істеді.

КЫДЫРБЕКУЛЫ АЛМАТБЕК  БАЛГАБЕКОВИЧ

техникалық ғылым докторы,профессор,

2013 жылдың маусымынан 2015 жылдың шілдесіне дейін декан болып жұмыс істеді.

 

 

 

БЕКТЕМЕСОВ МАКТАГАЛИ АБДИМАЖИТОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қазанына дейін декан болып жұмыс істеді.

ЖАКЕБАЕВ ДАУРЕН БАКЫТБЕКУЛЫ

Ph.D доктор, доцент,

2017 жылдың қазанынан бастап декан болып жұмыс істейді.