ШЕРЬЯЗДАНОВ ҒАЛЫМ БЕКЕНҰЛЫ

Шерязданов Ғалым Бекенұлы

Шерязданов Ғалым Бекенұлы 1945 жылы 4 шілдеде Алматы обылысының Ескелді ауданының Жастар ауылында (бұрынғы Талдықорған обылысының Киров ауданы) дүниеге келген.

  • Білімі

1962 ж. Алматы обылысының Талғар қаласының №1 орта мектебін күміс медальмен тәмамдады.

1962 – 1967 жж. – Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің механика – математика факультетінің студенті; «механика» мамандығы бойынша диплом алып аспирантураға жолдама алады.

1967 – 1970 жж. - Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің аэрогидромеханика және жылу алмасу кафедрасының аспиранты.

1971 ж. – «Көлденең магниттік өрісте жұқа профильді электр өткізгіш сұйықтықпен ағу» тақырыбында 024 – гидроаэромеханика, газ динамикасы мамандығы бойынша физика – математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

  • Жұмыс тажірибесі

1971 – 1972 жж. – С.М.Киров атындағы ҚазМУ – дің механика – математика факультетінің теориялық механика кафедрасының аға оқытушысы.

1972 – 1978 жж. - С.М.Киров атындағы ҚазМУ – дің механика – математика факультетінің теориялық механика кафедрасының доценті.

1976 ж. – Теориялық механика кафедрасы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

1977 ж. – IX студенттердің ҒЗЖ Республикалық конкурсын ұйымдастыруға белсене ат салысқаны үшін Қазақстан ЛКЖО ОК Мадақтау грамотасымен марапатталды.

1978 ж. – ғылыми зерттеу жұмысында жеткен жетістіктері үшін БЛКЖО ОК мадақтау грамотасымен марапатталды.

1976 – 1985 жж. -  С.М.Киров атындағы ҚазМУ – дің 01.02.01 – теориялық механика, 01.02.05 – сұйық, газ және плазма механикасы және 05.02.18-механизмдер және машиналар теориясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғалатын арнайы кеңестің Ғылыми хатшысы.

1978 -1992 жж. – Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дың механика және қолданбалы механика факультетінің тұтас орта механикасы кафедрасының доценті

1979 ж. –СҒЗЖ XI Республикалық конкурснда жеңімпаз – студент ҒЗЖ – ға жемісті жетекшілік еткені үшін Қазақстан ЛКЖО ОК Мадақтау грамотасымен марапатталды.

1980 ж. – Қазақ КСР 60 жылдығына байланысты оқу – тәрбие жұмыстарында қол жеткізген жетістіктері үшін ЖОО минстрлігінің Мадақтау грамотасымен марапатталды.

1980 – 1993 жж. – Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы жоғарғы оқу орны мүғалімдерінің біліктілігін жетілдіру факультетінің (МБЖФ) деканы (қосалқы ретінде).

1984 ж. – Жоғарғы Кеңес Президиумының Указымен КСРО «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

1985 ж. – Жоғары оқу орны муғалімдерінің біліктілігін жетілдіру және жоғары білім саласында сіңірген еңбегі үшін КСРО ЖОО минстрлігінің «Еңбектегі үздік жетістіктері үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

1992 ж. – «Сұйық және газ динамикасы» мамандығы бойынша физика Хабилитирлік докторы ғылыми дәрежесін ізденуге «Бағыттас ағынының көлденең магниттік өрісінде жазық МГД ақпа ағысы» атты докторлық диссертациясын қорғады (Латвия ғылым Академиасының Физика институты).

1992 – 1993 жж. – Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұтас орта механикасының кафедрасының профессоры.

1993 – 1994 жж. – Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы жоғары оқу орны мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру институтының (МБЖИ) директоры.

1994 ж. – Қазақстан Республикасы Минстрлер Кабинеті  жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия (ЖАК)хабилитирлік ғылым докторы дипломын нострификация жасап, физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

1994-1996 жж. – Әд-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.

1995 ж. – 01.02.00 – механика мамандығ бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 

1996 ж. – Республика білім беру жүйесіндегі тыңғылықты творчестволық еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Мадақтау грамотасымен марапатталды.

1996-1997 жж. ҚР ЖАК механика және машина құрылысы бойынша эксперттік кеңестің мүшесі.

1996-1999 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұтас орта механикасы кафедрасының профессоры.

1997-1998 жж. – INTAS жобаларының сұйық және газ механикасы бойынша эксперті.

1998-1999 жж. – ҚР ЖАК механика және машина құрылысы бойынша эксперттік кеңес төрағасының орынбасары. 

1999 ж. Қазірге дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңмеханика кафедрасының профессоры.

1994-2002 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 01.02.05 – сұйық, газ және плазма механикасы (физика-математика ғылымдары) және 01.04.14 – жылу физикасы және теориялық жылу техникасы (техникалық ғылымдар) мамандықтары бойынша докторлық диссертациялық кеңестің мүшесі.

2003 ж. Бастап қазірге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 01.02.05 – сұйық, газ және плазма механикасы (физика-математика ғылымдары) және 01.04.14 – жылу физикасы және теориялық жылу техникасы (техникалық ғылымдар) мамандықтары бойынша докторлық диссертациялық кеңестөрағасының орынбасары.

  • Мемлекеттік,үкіметтік және өзге де марапаттар